-15.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылордада соңғы 10 күнде 60 той өткізу фактісі анықталды

    Қызылорда облысында шілде айының бесінен бастап бүгінгі күнге дейін 24 мониторингтік топ 3172 нысанға тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 785 карантин талаптарын бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде халыққа қызмет көрсету нысандарында – 381, үй жағдайларында ұйымдастырылған мерекелік-көпшілік іс-шара – 386 және көшедегі топтық жиналу саны – 18. Талапқа бағынбағандарға ҚР ӘҚБтК-тің 425-бабының 1-бөлігімен жалпы сомасы 36 600 150 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

    Жалпы облыста соңғы 10 күнде 60 той өткізу фактісі анықталды. Негізі карантин талаптарын бұзушылықтың басым бөлігі үй жағдайында көпшілік жиын ұйымдастыруға қатысты және қоғамдық тамақтану орындары, азық-түлік сауда орындарына қатысты анықталған. Оның ішінде жеке кәсіпкерлікке қатысты – 14, нысандарға қатысы бар жеке тұлғаларға – 367, ал нысандарға қатысы жоқ жеке тұлғаларға қатысты 404 әкімшілік хаттама толтырылған.

    Халыққа қызмет көрсету орындарындағы карантин талаптарын бұзушылықтың басым бөлігі санитариялық талаптардың сақталмауына қатысты, яғни қызметкерлер маскасыз, қорғаныш қолғаптарынсыз халыққа қызмет көрсеткен, сонымен қатар шекті уақыттан асырып жұмысын жалғастырған.

    Атап айтқанда, 278 дерек маска тағу ережесін бұзуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтамауға қатысты, жұмыс жасау уақытының шектелуін бұзу бойынша – 60, тыйым салынған нысандардың қызмет көрсетуі бойынша – 29, залалсыздандыру талаптарының сақталмауы бойынша – 14 дерек тіркелді.

    қатысты посттар

    Шымкентте 6 500-ге жуық түлек ҰБТ тапсырды

    Фариза

    Шымкент қаласы ауруханаларынан 288 азамат жазылып шықты

    Фариза

    Шуда 7 553 гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.