Воскресенье, 18 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысында туризм саласында 16 жоба іске асырылады

    Қызылорда облысында «Жұмыспен қамту 2020-2021» жол картасы арқылы туристік нысандардың инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 16 нысан іріктелді.

    Алдағы уақытта, 2021 жылы аталған жол картасы аясында 16 нысанға инфрақұрылымдық жұмыстарды жүргізу жоспарлануда.

    Яғни, «Қамбаш», «Бәйгеқұм» демалыс аймақтарына кіреберіс жол, автотұрақ салу және «Жанкент», «Сығанақ» қалашықтарына санитарлық-гигиеналық тораптар орналастыру.

    Сонымен қатар, ТОП-10 тізіміне енген жобаларға жергілікті бюджет қаражаты есебінен мастер-жоспар мен техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, инвестор тарту үшін тиісті жұмыстар атқарылуда.

    «Өңірде 3 шипажай, 4 жағажай, 11 демалыс орыны, 12 туристік фирма жұмыс жасайды. Республикалық туристендіру картасына 3 нысан енгізілген болатын. Олар, «Қамыстыбас» демалыс аймағы, «Жаңақорған» шипажайы, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағы. Бүгінде «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру жобасы бойынша біршама жұмыстар жүргізілуде», – дейді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов.

    қатысты посттар

    Шымкент: 108 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды

    Фариза

    Шымкентте мобильді бригадалар саны 200-ге жуықтады

    Фариза

    Облыс әкімі құрылыс-жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.