Суббота, 14 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында туризм саласында 16 жоба іске асырылады

    Қызылорда облысында «Жұмыспен қамту 2020-2021» жол картасы арқылы туристік нысандардың инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 16 нысан іріктелді.

    Алдағы уақытта, 2021 жылы аталған жол картасы аясында 16 нысанға инфрақұрылымдық жұмыстарды жүргізу жоспарлануда.

    Яғни, «Қамбаш», «Бәйгеқұм» демалыс аймақтарына кіреберіс жол, автотұрақ салу және «Жанкент», «Сығанақ» қалашықтарына санитарлық-гигиеналық тораптар орналастыру.

    Сонымен қатар, ТОП-10 тізіміне енген жобаларға жергілікті бюджет қаражаты есебінен мастер-жоспар мен техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, инвестор тарту үшін тиісті жұмыстар атқарылуда.

    «Өңірде 3 шипажай, 4 жағажай, 11 демалыс орыны, 12 туристік фирма жұмыс жасайды. Республикалық туристендіру картасына 3 нысан енгізілген болатын. Олар, «Қамыстыбас» демалыс аймағы, «Жаңақорған» шипажайы, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағы. Бүгінде «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру жобасы бойынша біршама жұмыстар жүргізілуде», – дейді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысында әскерилер «танк каруселін» іске қосты

    Фариза

    Рәбиға Сыздықтың қазасы — ұлтымыз үшін орны толмас қайғы — Мәулен Әшімбаев

    Фариза

    Жамбыл облысында ауыл имамы құрдасын пышақтап өлтіріп, артынан өзі асылып қалды

    Пікір қалдыру

    three × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.