Пятница, 6 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Алматыдағы ірі жол апаты: жүк көлігінен секірген жүргізуші қайтыс болды

    Алматыда жүк көлігінен секіріп кеткен 47 жастағы ер адам қайтыс болды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасындағылардың мәліметінше, 1973 жылғы науқас Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне шұғыл түрде түскен.

    «Жедел медициналық жәрдем дәрігерінің айтуынша, ер адам 3 қарашада жол апаты салдарынан жарақат алған. Бригада оны бірден аурухананың жансақтау бөліміне жеткізген, ол өте ауыр жағдайда болған. Оны нейрохирург, травматолог, барлық маман тексерді. Тексерістен кейін жедел түрде ота жасалды, — деді Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дәулет Чукманов.

    Еске салайық, мұның алдында лматыдағы Набережная және Дулати көшелерінің қиылысында ірі жол апаты болғаны хабарланған еді. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігінің тежегіші істен шығып, жүргізуші көліктен секіруге мәжбүр болған.

    қатысты посттар

    “Денесі көгеріп кетті”: Смартфонмен ойын ойнап жатып ұйықтап қалған ер адам көз жұмды

    «Ішінен теуіп, бетінен ұрған»: Алматыдағы балалар үйіндегі шулы оқиғадан кейін директоры қызметтен қуылды

    Фариза

    Ақтөбеде көп балалы аналар Астанада Тірідей өртеніп кеткен бес қызды еске алды

    Пікір қалдыру

    three + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.