Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Ақтаулық келіншекті зар жылатты: Қымбат Досжанның хабары жұртты шошытты

    Қымбат Досжанның «Қымбат жандар» бағдарламасы жұртты шошытты. Желідегі оқырман мен қоғам белсенділері, журналистер жаппай наразы. Олар кейіпкерге ағасын емес, мәйітін тауып берген бағдарлама жүргізуші мен қызметкерлерін айыптады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz порталына сілтеме жасап.

    «Qazaqstan» арнасындағы «Қымбат жандар» бағдарламасы көпшіліктің сынына қалды. Журналистер мен көрермендер наразылығын білдірді. Бұл адамгершілікке де, этикаға да сай емес деді көпшілік. 

    Бағдарламада Зүлфия есімді кейіпкер арнайы Ақтаудан келді. Күйеуі де жарын қолдап, бағдарламаға бірге келген. Зүлфия 8 жыл бұрын жоғалып кеткен ағасын іздейді. Отбасы Ақтауға Қарақалпақстаннан келгенін айтады. Бағдарлама жүргізушісі Зүлфиядан отбасы мен ағасы жайлы сұрай бастайды. 

    «Ағам жұмыс іздеп кеткен. Соңғы рет мені ұрлап кетті, мал бағуға салып қойды деп хабарласқан. Содан кейін хат-хабар жоқ. Ағам тірі деп ойлаймын. Онымен кездескім келеді», — деп ағыл-тегіл жылдады. 

    Ақтаудан арнайы келген кейіпкер үмітін үзбеді. Бағдарламаға келгендегі ойы да «ағамды тапты-ау» деген ой болса керек. 

    Алайда бағдарламада сюжет көрсетілді. Онда Зүлфияның ағасы Асылбектің өлі екенін хабарлайды. Сюжет «2014 жылдың 10 ақпанында астанадағы жылу құбырларының бірінің маңынан оның мәйіті табылған» деп аяқталады. Бағдарлама барысында ағасының бұл өмірде жоқ екенін естіген қарындасы ағыл-тегіл жылайды. Ағасын іздеген келіншекке қазаны осылай естіртеді. 

    «Ағасын жоқтайтын қарындастың да барына шүкір» деді Қымбат Досжан. 

    Үмітпен келген ерлі-зайыпты ауыр қазаны естіп, естен танардай күй кешті. 

    Осыдан соң Асылбектің денесін табуға көмектескен Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің капитаны Әлішер Махамбетті студияға келді. Оған тележүргізуші арнайы алғыс хат табыс етті.

    «Беу, жігіттер, рейтинг қуғанның жөні осы екен, онда екі жарым мың шақырым жерден іздеп келген қарындасына ағасының сүйегін қазып әкеп табыс етпедіңдер ме студияда», — деп жазды журналист Ермек Тілеген. 

    Қасым Аманжол бағдарламаның бұл санын сынға алып, адамгершіліктен аттады деп даттады. 

    «Кешеден бері есті жұрт шошынып, сынап жатқан Қазақстан арнасының «Қымбат жандар» хабары осыдан 15 жыл бұрынғы бір мақаланы еске салды… «Известия» газетінің Ирина Петровская деген телесыншысы болды. О кезде Игорь Кваша мен Мария Шукшина жүргізетін «Жди меня» хабары постсоветтік елдің етегін жасқа шылап тұрған уақыт. Константин Симоновтың хит өлеңін атау еткен бағдарламаның Петровская сынаған санында кешегі ұлттық арнаның хабарына аздап ұқсастау эпизод болды: табысқан ана мен ұл. Соны телесыншы адам сезімін азаптаудың, көрініс үшін ана көз жасынан көлдеткен жерден рейтинг жинаудың, хабар соңына дейін екі мұңлықты табыстырмай екі бөлмеде қамаған телецинизмнің мысалы еткен еді. Әуелде, «мәәә, ресейліктер қандай керемет хабар жасайды, жұрт түгел телміріп, қосылып жылап шығатын мына хабар қандай мықты» деп келген түсінік сол жолы күл-талқан болған еді… Біздің әріптес замандастар арсыздық жөнінен одан да асқан екен: хабар бойы бейбақ қызды бауыры туралы шімірікпей сөйлетіп алып, соңында қаңғып жүріп өлді дегенді естірте салыпты», деп жазды журналист Қасым Аманжол.

    «Мен мынаны ұқпаймын: бағдарлама аясында бір адамды іздеген екенсіздер, ақыры тауыпсыздар, қарындасына ағасының қайтыс болғанын студияда, көптің көзінше естіртудің не қажеті болды?

    Қымбат Досжан «Сендерді Маңғыстаудан шақырғанда мұндай хабарды естіртеміз деп ойламадық» дейді. Онда хабарға не үшін шығарасыздар? Ішкен-ішпегенін, қарындасы ретінде не ойлайтынын сұраудың не қажеті болды? Қазаны бұлай — сюжетпен мыжып естірту үшін адамның жүрегі қандай болуы керек? Рейтинг үшін бе бәрі? Құтты болсын ендеше.

    Қымбат Досжан соңында «Жыла, жылаңыз, ағасын жоқтайтын қарындастың барына шүкір» дейді. WTF?

    Мұнымен біткен жоқ. Ары қарай полицияның қатысуымен қойылым басталады.

    Астанадағы аудандық полиция басқармасының қызметкері келіп, марқұм Асылбектің қазасы туралы қағазды әкеледі. Қымбат Досжан «жоғалған жігітті іздеуге үлкен көмек көрсеткендер» деп төрт шенді полицейдің аты-жөні мен қызметін түгендеп шығады да, «хабар атынан, Ұлттық арна мен көрермен атынан алғыс білдіреміз» дейді.

    Мұнан соң студияға келген полицей Зүлфияға марқұм ағасының неден қайтыс болғанын, мәйітте «жарақат іздері болмағанын» айтып береді.

    Ары қарай жазуға сөзім жоқ, төзімім де жетпеді. Түңіліп кеттім», — деп жазды Аян Қалмұрат. 

    Желідегі оқырман бұл іске министр Аида Балаеваның араласуын сұрап пікір жазды.

    қатысты посттар

    «Молаға барып, күлгендері несі?» Желі қолданушылары Iphone пішінінде жасалған құлпытасты видеоға түсіріп, күлген азаматты сынап тастады

    Фариза

    Иранда коронавирустан екі адам көз жұмды

    Фариза

    «90 пайызы күйік шалған» Өзін-өзі өртеген әйелге өрт сөндірушілер сусыз келді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.