4.3 C
Алматы
Суббота, 7 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Польшада белгісіз біреу 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірді

    Польшада белгісіз біреу 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 2 қарашада Польшаның Ополе Любельское қаласында болған.

    «Оқ тиіп, алған жарақаты салдарынан 2004 жылы туған Қазақстан азаматы қайтыс болды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта Қазақстан елшілігі марқұмның туыстарымен байланыс орнатқан, оның денесін елге қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Жергілікті БАҚ мәліметінше, қазақстандық өзінің достарымен бірге алма бағына барған, сол жақта оған оқ тиген. Ол Клучковице-Оседльдегі мектеп-интернаттың оқушысы болған.

    Қазақстан азаматына оқ атқан күдікті әзірше ұсталған жоқ. 

    қатысты посттар

    «Жас кәсіпкер»: Қызылорда облысында өз кәсібін ашқан жастардың қатары артуда

    Фариза

    Жаға ұстатар жайт: ғалымдар алғаш рет адам мен қозыны будандастырды

    Ыстық суға күйіп қалған 8 айлық нәресте ауруханада көз жұмды

    Пікір қалдыру

    18 + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.