26 C
Алматы
Сенбі, 18 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылордада автомобиль жолдарын жөндеуге 20 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

    Биыл Қызылорда облысында автомобиль жолдарын жөндеуге түрлі қаржы көздерінен 20 млрд. 289,3 млн. теңге бөлінді. Қомақты қаражатқа ұзындығы 498,2 шақырым құрайтын автомобиль жолы мен көшелер және көпір өткелдері жөнделуде.

    Жалпы жол желісін дамытуға 4 мемлекеттік бағдарлама арқылы қаражы тартылды. Атап айтқанда, «Нұрлы жол» бағдарламасымен облыстық және аудандық маңызы бар ұзындығы 147 шақырым құрайтын автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 4,6 шақырым болатын Қызылорда қаласындағы С.Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейінгі жол салынуда. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасымен 72 шақырымды құрайтын 66 көшеге асфальт төселуде. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен барлығы 263 жоба жүзеге асырылуда. Яғни, ұзындығы 255 шақырым жол жөнделеді. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға елді мекендердің 20,7 шақырым жолына асфальт төселуде.

    «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясындағы жол жөндеуге қатысты жобаларды жүзеге асыру барысында 2639 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл жұмыстар толық аяқталған кезде облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық көрсеткішінің үлесі жоспарлы 69% құрайды», – дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тілеумбетов.

    қатысты посттар

    ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді

    Фариза

    Кәсіп түбі – нәсіп!

    ШЫМКЕНТ: ЕЛІМІЗДІҢ ҮЗДІК ОНКОЛОГТАРЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten + 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.