4 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда: Тұрақтандыру қорында 3248 тонна өнім бар

    «Алтын Қамба» Агроөнеркәсіптік комбинаты» ЖШС өңірлік азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорының операторы болып табылады.

    «Қазіргі таңда, тұрақтандыру қорында жалпы құны 446,5 млн. теңгенің 3248 тонна өнімі бар. Оның ішінде: 1259,6 тонна ұн, 382,1 күріш, 112,5 тонна макарон, 682,5 тонна картоп, 9,3 тонна өсімдік майы, 23,6 тонна сиыр еті, 45,7 тонна тауық еті, 31,2 тонна сүт, 11,9 тонна 2,5 пайыздық айран, 307 мың дана жұмыртқа, 6,4 тонна ас тұзы, 494,7 тонна басты пияз және 200 тонна сәбіз өнімдері», – дейді «Байқоңыр» ӘКК» мамандары.

    Тұрақтандыру қорының өнімдері, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның еншілес кәсіпорыны «Алтын Қамба» АӨК» ЖШС-нің қоймаларында сақталып, арнайы көліктермен әлеуметтік дүкендерге тасымалданады. Аталған өнімдер Қызылорда қаласында орналасқан 29 әлеуметтік дүкенге белгіленген бағада сатылады. Оның ішінде қалаға алыс орналасқан, халық көп шоғырланған елді-мекендерге де Байтеректе «Баламекен», Наурыз, Белкөл, Ақжарма (МИС), Қараөзек, Комсомол, Эдельвейс саяжайында жұмыс жасайды.

    «Әлеуметтік дүкендерде тұрақтандыру қорының өнімдері төмендегі шектелген бағада сатылуда: картоп – 100 теңге, сәбіз – 100 теңге, басты пияз – 70 теңге, қырыққабат – 60 теңге, бірінші сортты ұн – 127 теңге, макарон – 200 теңге, қарақұмық жармасы – 294 теңге, күріш – 210 теңге, сүт – 280 теңге, өсімдік майы – 400 теңге, ас тұзы – 40 теңге, сиыр еті – 1600 теңге, тауық еті – 790 теңге, С1 категриялы тауық жұмыртқасы – 28 теңгеден сатылуда. Бұл көрсеткіш нарықтан 20 пайызға дейінгі төмен бағаны көрсетіп отыр», – дейді қор мамандары.

    Әлеуметтік дүкендер негізінен тауарөндірушілерге және жеке кәсіпкерлерге Серіктестік арасында жасалған жалға беру шартымен беріледі. Келісім-шартта тұрақтандыру қорындағы өнімдер белгіленген бағада және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері нарықтан 10-15 пайыз төмен бағада сатылуы жөнінде міндеттеме қойылған. Әлеуметтік маңызы бар тауарларға енгізілмеген басқа да өнімдер, мәселен, жеміс-жидектер, көкөніс түрлеріне (қияр, қызанақ және т.б.) бағаны нарық реттейді. Олардың бағасына шектеу қою құзыреті болмайды.

    Айта кетейік, әлеуметтік дүкендердің санитарлық талаптары сақталған. Арнайы антисептик құралдар мен сатушылары маска мен қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылған.
    Жалпы тұрақтандыру қорының өнімдерін тұрғындарға тиімді бағада ұсынылып, нарықтағы өнімдердің бағасын тұрақтандыру бағытындағы атқарып жатқан шаралар өзінің оң әсерін беруде.

    қатысты посттар

    САРАТС: 4 компонент республикалық бюджеттен қаржыландырылады

    Фариза

    Шымкент: Ретсіз сауда орындарына рейдтік іс-шара ұйымдастырылды

    Фариза

    Мұрат Әйтенов Елтай елді мекеніндегі төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстарымен танысты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.