-10.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда: Аймақ басшысына балық шаруашылығын дамыту жөніндегі өңірлік бағдарлама таныстырылды

    Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықоваға Қызылорда облысының балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы таныстырылды. Аталмыш бағдарлама Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген.

    Бағдарламаның іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 5 бағыттан тұрады. Атап айтқанда, тұрақты сумен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдау, инфрақұрылымды құру, балық ресурстарын қорғау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, саланы ғылыми сүйемелдеу және кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар.

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының жүзеге асырылуы нәтижесінде облыста балық шаруашылығын дамуына үлкен мүмкіндіктер жасалды.

    Облыс аумағында Сырдария өзені, Кіші Арал теңізі және 207 көл бар. Балық өнімдерін өңдеумен және экспортпен айналысатын жылдық қуаттылығы 12,5 мың тонна құрайтын 9 балық өңдеу зауыттары жұмыс істеуде.

    Ғылыми-ұйымдардың зерттеулеріне сәйкес облыстағы 207 көлдің 95-сі тауарлы балық өсіруге қолайлы. Сондықтан, 2030 жылға қарай өңірде тауарлы балық өсіруді 5 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда.

    Балық шаруашылығына қазіргі таңда балық өсіру кезінде пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30% өтеу және ауданы 50 гектардан кем емес көл-тауарлы балық өсіру шаруашылығы үшін жабдықтар мен техниканы сатып алуға жұмсалған шығындардың 25% субсидиялау сияқты мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді.

    Алдағы уақытта, 50%-ға дейін акваөсіру субъектілері үшін балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеу, балық өсіру материалын, дәрілік препараттарды сатып алу, бағалы балық түрлерінің толықтырушы-аналық табындарын сатып алу және күтіп ұстау кезіндегі, сондай-ақ балық өсіру шаруашылықтарын құруға инвестициялық салымдар кезіндегі шығындарды өтеуге бағытталған субсидиялау түрлері кеңейтіледі.

    Сонымен қатар, Үкімет деңгейінде балық өсіру шаруашылықтарының орналасуын, оларға қызмет көрсету жөніндегі құрылыстардың (базаның) құрылғыларын ескере отырып, инфрақұрылымды жүргізу үшін жағалау аймағында және су қорғау белдеуінде жер учаскелерін бөлу мәселесі пысықталады.

    Бағдарламаны іске асыру үшін 30,6 млрд.теңге қаржы қарастыру жоспарланып отыр. Соның ішінде, балық шаруашылығын қолдау мақсатында, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына 2021 жылы облыстық бюджеттен 1 млрд.теңге қаржы бөлінеді.

    Атап өту керек, 2030 жылға дейін, тауарлық балық өндірісінің көлемін 5 мың тоннаға дейін ұлғайту индикаторына қол жеткізу үшін облыста мынадай шаралар қабылданады:

    – 4 шарбақтық балық өсіру шаруашылықтары құрылатын болады (600 тонна/жыл);

    – тауарлық балық өсіретін 10 тоған шаруашылықтары соғылады (787 тонна /жыл);

    – 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғысы іске қосылады (400 тонна/жыл);

    – көл-тауарлы су айдындары саны 55-ке жетеді (3,2 мың тонна/жыл);

    – құрама жем зауытында тәулігінде қуаттылығы 80 тонна жем өндірісі қамтамасыз етіледі;

    – пластикалық қайықтар шығаратын цех салынады;

    – Қамыстыбас балық питомнигін қайта жаңғыртылады.

    Сондай-ақ, бағдарлама аясында 45 көлге электр жүйесін жеткізу және 49 дана гидротехникалық қондырғылар орнатылады.

    Нәтижесінде, 2030 жылға дейін облыстың балық экспорты 2 есеге, тауарлы балық өндіру көлемі 34 есеге өседі, 500-ден аса жаңа жұмыс орны құрылады, балық өңдеу зауыттары толығымен шикізатпен қамтамасыз етіледі.

    Жиынға қатысқан балық шаруашылығы саласының ғалымдары, кәсіпкерлері мен табиғат пайдаланушылары бағдарлама жобасы бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісті.

    Жиын соңында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Балық шаруашылығын дамытудың 2021 — 2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын бекіту туралы» облыс әкімдігінің қаулысын әзірлеп, ұсынуды тапсырды.

    Айта кетейік, Қызылорда облысы республика бойынша алғашқы болып балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасының жобасын әзірлеп, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен келісім алды.

    қатысты посттар

    Шымкент: Елтайда су тасқынынан қатты зақымданған үйлер жоқ

    Фариза

    Таразда тоғандарды қалпына келтіру жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге асады

    Фариза

    Шымкентте сыбайлас жемқорлық фактісі азаймай тұр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.