-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысында дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры қалыптасып, медициналық бетпелердің резерві жасалды

    Қызылорда облысында пандемияның екінші толқынына дайындық кезеңінде дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры қалыптасты. Бүгінгі күні өңірде 479 нысан дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада сатумен айналысады. Оның ішінде 261 дәріхана қызметтері бар.

    Мамандардың сараптауы нәтижесінде аймақтағы бөлшек сауда желісінде 204 838 медициналық бетперде қоры бар. Сондай-ақ, «Зерде Фарм» ЖШС дәріхана қоймасында 200 000 дана көлемінде медициналық бетперде резерві бар. Оның ішінде антибиотиктер, антипиретикалық, қабынуға қарсы, гормоналды және басқа да препараттар жеткілікті мөлшерде алынған.

    Мұнан бөлек, өңірде тұрақтандыру қоры шеңберінде «СК-Фармация» арқылы жалпы сомасы 4,7 млн.теңгеге дәрілік заттарға өтінім берілді.

    Өңірде Қызылорда қаласының өңірлік инвестициялық орталығы тұрақтандыру қоры қаражатынан 1 жылдық мерзімге 1% мөлшерлемемен кредит беру міндеттемесін алды. Қазіргі уақытта «Фарматека» ЖШС, «Чингиз» ЖШС, «Lab Service company» ЖШС, «Аптечка кз» ЖШС мақұлдауларын алды, «Шипа Алеми» ЖШС, «Ғажайып Мура» ЖШС, «АйзереФарм» ЖШС, «Ибн Сина» ЖШС, «Сәуле» ЖК өтінім беру үшін құжаттар тізбесін алған.

    Мамандар пандемия кезеңінде халықтың медициналық дәрі-дәрімектермен қамту мәселесіне дайындық барысын күшейютуде.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТТЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» БОЙЫНША 3500-ДЕН АСТАМ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ

    Фариза

    Шымкентте санитарлық нормалардың сақталуы бойынша брифинг өтті

    Фариза

    МЕДИАТОРЛАРДЫҢ БІЛІМ-БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.