-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Тауық пен сиырдың айырмашылығын білмейді» – Нұрлан Нығматулин Экология министріне ауылға баруға кеңес берді

    Бүгін Мәжілістің кезекті отырысында экологиялық кодекстің жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Алайда, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жария еткен кодекстің жобасы депутаттар арасында біраз дау-дамай тудырды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Халық қалаулылары кодексте көрсетілген кейбір талап ауылдағы мал ұстап отырған халық үшін проблема туғызатынын ескертті.

    «Үшінші санаттағы нысандарға 100 бастан аз мал шаруашылығы жатады – бұл шошқа, сиыр, құс және ат қоралары, аң фермалары, олар қоршаған ортаға зиянды әсерін мәлімдеуі тиіс. Сіз айтқан «100-ден аз» деген сөз нақты емес, оған 50 де, 10 және 5 те енетінін түсіну керек. Бұл ретте декларацияда бірнеше мәлімет, оның ішінде ластаушы заттар мен қалдықтар төгінділерінің саны мен түрлері қамтылуы тиіс. Осыған байланысты сұрақ туындайды: қалдықтардың мөлшері мен түрлері туралы ақпарат беру үшін 20, 30, тіпті, 100 тауықтан тұратын жеке кәсіпкер немесе шаруашылық не істеуі керек? Оның үстіне, егер ол мұны мәлімдемесе, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл жеке кәсіпкерлерге немесе жеке шаруа қожалықтарына өз шаруаларын жүргізуді қиындатудың тағы бір қадамы ма?», — деп сауал жолдады депутат Марат Теміржанов министрге.

    Мағзұм Мырзағалиев болса депутаттардан аталған кемшіліктерді екінші оқылымға дейін түзетуге мүмкіндік беруді сұрады.

    «Шынында да, экологиялық кодекс қосымшасының жобасында дәл солай жазылған. Алайда, саны 100 бастан аз жеке қосалқы шаруашылықтар рұқсат беру режиміне жататынын атап өткім келеді, яғни санитарлық-эпидемиологиялық заңнамаға сәйкес, олар рұқсат алуы керек. Біз оларды жеңілдетіп, декларативті форматқа көшіруді шештік. Әкімшілік кедергілерді азайту көзделген, бірақ олар жеткіліксіз. Егер екінші оқылымға дейін пысықтауға мүмкіндік берсеңіз, біз бұл норманы пысықтап, нақты шектеу кедергісін қоямыз», — деп жауап берді М.Мырзағалиев.

    Ал Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, кодекстің дәл осы тұсын ауылдағы халықтың жағдайынан бейхабар адам жазған болуы мүмкін. Сол үшін Мәжіліс төрағасы министрдің өзіне ауылдарды бір аралап қайтуға кеңес берді.

    «Егер мен дұрыс түсінсем, бұл жеке кәсіпкерлер туралы ғана емес, мал мен құсы бар ауылдың кез келген тұрғыны туралы мәселе. Сонда не болады? Мысалы, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының тұрғынында, шартты түрде, 5-10 тауық бар делік. Оларды жариялау үшін ол әкімдіктегі Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына баруы тиіс. Ол облыс орталығында орналасқан, ол 700 шақырымды өтіп, 5 емес, тіпті, 1 тауығы болса, оны да жариялауы керек. Бұл «100-ден аз» деген анық емес тұжырымға байланысты туындайтын мәселе. 100-ден аз деген сөзге 99 да, 1 де енеді. Табын мен 1 тауықтың арасында айырмашылық бар екенін түсіну керек. Бұл норманы жазған кезде ойлану, түсіну керек еді. Мүмкін мұнда сараланған тәсіл қажет шығар – ірі қара, жылқы, құс, бәрі аралас… мұндай нормаларды оқығанда, «осыны жазған адам ауылға барған ба өзі, жоқ па?» деп ерікс

    із ойланасың. Егер сіз заң жазбас бұрын маманды 2-3 айға ауылға жіберсеңіз, олар тауық пен сиырдың арасындағы айырмашылықты түсінетін еді. Кодекс қабылданғаннан кейін сіз міндетті түрде ауылға барыңыз», — деді Нұрлан Нығматулин.

    Айта кетерлігі, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында экологиялық кодекстің жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасын депутаттарға Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев таныстырды. Оның пікірінше, бұл құжат қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға мүмкіндік береді. Екінші оқылымға дейін құжаттың кемшіліктерін реттеу Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Ауыл шаруашылық министрлігіне тапсырылды.

    «Ауыл шаруашылығы министрлігіне ескерту, ауылға халықаралық қатынастарды бітірген адамды жібермеңіз. Ол маман ауылдың  қайда екенін, жылқының, тауықтың қайда екенін қайдан біледі? Осындай норма жазғаннан кейін ауылда тұратын адам қалай жұмыс істейді, айналайын, түсінетін боларсың? Ауыл шаруашылығы министрлігі, бұл норма жұмыс істемейді! Сіздер министрлікке (Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі – ред.) көмектеспейсіздер ме? Бірге отырып, екінші оқылымға дейін егжей-тегжейлі жұмыс істеңіздер, санның дұрыс логикалық критерийлерін анықтаңыздар», — деді Нұрлан Нығматулин.

    қатысты посттар

    Алматы облысында ауыз судан құрт табылды

    Фариза

    Қызылордада «Дәрігерлер» аллеясы ашылды

    Фариза

    Қызылорда облысында Байқоңыр қаласын дамыту мәселесі қаралды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 − 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.