28.9 C
Алматы
Воскресенье, 27 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Ешқандай кибершабуыл болмағанын хабарлаймыз» Kaspi.kz- те орын алған жағдайға байланысты баспасөз хатшысы не деді?

    Бүгін әлеуметтік желі қолданушылары kaspi.kz-тегі шоттарындағы ақшаларының азайғандығы туралы жазып, дабыл қақты. 700 мың теңге көлеміне дейін ақшалары жоқ болып кеткен тұтынушылар, ақшалары қайтарылып беріле ме, неліктен мұндай жағдай орын алды деп алаңдаушылық білдіруде. Осы сұраққа байланысты Qazweek.kz ақпарат агенттігінің журналисі Kaspi.kz баспасөз хатшысы Ербол Азанбекпен тілдесіп көрген еді.

    Дәл қазіргі уақытта Ербол мырза сұрақтарға басқа кісінің жауап беретінін, сондай-ақ ол кісінің мүлде қолы босамай жатқандығын айтып, уақыты болған сәтте қайта қоңырау шалатынын ғана жеткізді. Ал дәл қазір тек What’s app желісіне Kaspi.kz-тің осы сұрақтарға арнайы жазылған жауабын ғана жібере алатынын айтты.

    «Kaspi.kz қосымшадағы техникалық ақауларды ретке келтіруде. Клиенттердің ақшалары жеке шоттарында сақтаулы тұр.

    28 қазан күні Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақау туындады. Нәтижесінде клиенттердің шоттарындағы қаржы көлемін қате көрсетуде.

    Өкінішке қарай картамен төлем жасау, банкоматтардан ақша шешу, толықтыру, төлемдер мен аударымдар уақытша қожетімсіз.

    Компания барлығын тез арада қалыпқа келтіру үшін жұмыс жасауда.

    Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мұның кибершабуыл екендігі туралы жалған ақпарат тарады. Ешқандай кибершабуыл болмағанын хабарлаймыз, клиенттердің қаражаты түгелдей өз қалпында және ақау ретке келтірілгеннен кейін қосымшада дұрыс көрсетіледі»,- деген хабарламада.

    қатысты посттар

    Қызылордада 200-ге жуық карантин талаптарын бұзылу фактілері анықталды

    Фариза

    «Мен көргендердің ең үлкені – 84 жастағы кейуана…» этникалық қазақ Сайрагүл лагерьдегі сұмдықтар жайлы айтып берді

    Ресей мен Украина соғысқан жағдай Қазақстан әскерін жібере ме? СІМ басшысы жауап берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.