-8.1 C
Алматы
Суббота, 28 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысында қайтарымсыз грант алған кәсіпкерлер ерекше бизнес түрлерімен айналысады

    Қызылорда облысында кәсіпкерлер мемлекет ұсынған қайтарымсыз грант алу арқылы өңірге қажетті кәсіп түрлерімен айналысуда. Биыл «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 315 шағын кәсіп иелері грант алу конкурсына қатысқан. Оның 120-сы жас кәсіпкерлер. Аймақтың ерекшелігі мен сұраныс деңгейіне орай 58 бизнес өкілінің жобалары қолдау тауып, 131,5 млн. теңге грант қаражатымен қаржыландыру алған. Оның ішінде, жас кәсіпкердің 27 жобасына 64,5 млн. теңге қаражат бағытталды.

    Қайтарымсыз грантқа ие болған кәсіпкерлер облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, «Даму» КДҚ» АҚ-ы арасында үш жақты келісім шарттар жасайды.

    Мамандардың айтуынша, грант қаражатын алған кәсіпкерлер құрылыс материалдарын шығару, қолөнер, жиһаз бұйымдарын шығару, сондай-ақ құс, мал және омарта секілді ауыл шаруашылығы салалары мен өзге де өндірістік жобаларды іске асыруы тиіс. Мәселен, биылғы жылдан бастап автокөліктер үшін арнайы чехолдар шығару, автошампуньдар мен автокосметикалар өндірісі, автокөлік кілттерін цифрлық қосымшалар арқылы көшірмелерін жасау, одан бөлек бір реттік қолданылатын ыдыстар өндірісі, жемістерден чипсы жасау сияқты жаңашыл жобалар іске қосылмақ.

    Ерекше айту қажет, биыл халықтың әлеуметтік осал топтағы кәсіпкерлердің 8 жобасы қайтарымсыз грант алған. Яғни әлеуметтік топтағы мұндай азаматтар мүйізді ірі қара малын бордақылау, құрама жемін өндіру, тігін, жиһаз және құрылыс материалдарын шығару цехтарын ашу, жартылай фабиркат өнімдерін шығару, сондай-ақ спорт саласында арнайы орталықтарды ашу кәсіптерімен айналысады.

    Бағдарлама талабына сәйкес, мемлекеттің қайтарымсыз грант жеңімпазы болған азамат 1,5 жылда жобаларын толығымен іске қосуға міндеттеме алады. Бұл ретте, жобалардың іске қосылуы, жұмыс орындарының құрылуы, қаражаттың мақсатты жұмсалуына мониторинг жұмыстары жүргізіледі.

    Сарапшылардың сөзінше, конкурстық іріктеуге Қазалы, Қармақшы және Сырдария аудандары, Қызылорда қаласының кәсіпкерлері белсене қатысқан.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында асыл тұқымды мал саны артып келеді

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

    Фариза

    Дүбірлі жекпе-жек: ШҚО-да қазақша күрестен Халықаралық гран-при өтті

    Пікір қалдыру

    six − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.