-6.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылордада биыл Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің 580 млн.теңгесін сақтап қалды

    Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов баспасөз мәслихатында Палата заңгерлеріне 9 айда кәсіпкерлерден 578 арыз түскенін, оның ішінде 175 кәсіпкер бизнесін қорғауды сұрағанын айтты.

    Орташа есеппен Палата сарапшылары түскен өтініштердің 45 пайызында (79) оң шешімге қол жеткізіп, 8 лауазымды тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

    «Палатамен өтініштерді қарау барысында кәсіпкерлердің 580 млн. теңгеден аса қаражаты сақталып қалды. Оның ішінде қаржының 73 пайызы орта кәсіпкерлік субъектілерінікі болса, 27 пайызы шағын бизнестікі. Аталған сома күші жойылған айыппұлдар, өсімпұлдардан, мемлекет тарапынан қайтарылған қаражат есебінен, сақталып қалған бизнес мүлкінің құнынан және т.б.қаржыдан құралып отыр», – дейді Палата директоры.

    Жалпы Палата жұмысының соңғы үш-төрт жылын бөліп алып қарайтын болсақ, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін шектеген немесе бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар санының арту көрінісін байқауға болады.

    Мәселен, 2015 жылы кәсіпкерлердің жұмыс жасауына кедергі жасаған тек 5 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 2018 жылдың қорытындысымен19 қызметкер, 2019 жылы 15 мемлекеттік қызметкер, ағымдағы жылы 8-і тәртіптік және әкімішілік жауапкершілікке тартылды.

    Бұл жағдайларда лауазымды тұлғалар кәсіпкерлік қызметтерге тексеру жүргізу, мемлекеттік сатып алу және рұқсат беру рәсімдері барысында кәсіпкерлерге қатысты заңсыз әрекеттерге барып, олардың құқықтарын шектеген.

    Одан бөлек, кәсіпкерге қатысты азаматтық істі сот тәртібімен қарау барысында мемлекеттік сатып алу барысында заң бұзушылықтарға жол бергені үшін сотпен 2 мемлекеттік органға қатысты жеке ұйғарым шығарылған.

    Ғалымбек Жақсылықов баспасөз мәслихатында Палата жанында тұрақты жұмысшы орган – Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс жасайтындығын да жеткізді.

    «Жыл басынан өткізілген кеңестің 3 отырысында 8 жүйелі мәселе қаралып, оның 5-і оң шешімін тапты. Нәтижесінде 200-ден аса кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтіріліп, Кеңестің ұсынысымен Әдеп жөніндегі кеңесі 2 мемелекеттік қызметкерді «мемлекеттік лауазымын төмендету» жазасына ұсынып, алайда төмен лауазым болмауына байланысты «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылды. Сондай-ақ, 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершлікке тартылып, 194 460 теңге көлемінде айыппұл төледі», – деді Палата басшысы баспасөз мәслихатында.

    қатысты посттар

    Абай Құнанбаевтың туған күніне орай Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданында ұлы ақынға арналған орталық алаң ашылды

    Жамбыл облысы экономикалық өсім бойынша республикада үздік үштікте

    Фариза

    Президентке Үндеу жасаған шымкенттік дәрігерге шетелдіктердің де назарын аударды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 − seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.