-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Сөзіңе жауап бересің» — Әкім блогерге жазған жауабын түсіндірді

    Әлеуметтік желілерде блогер мен Өскемен әкімі жазысқан хабарламаның скриншоты тарап жатыр, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Шығыс Қазақстан облысының блогері Александра Осипова Instagram желісіндегі парақшасында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омармен жазысқан хабарламаның скриншотын жариялады. 

    Скриншотқа қарағанда, қала әкімі сапасыз жолдарға шағымданған хабарламаға «сөзің үшін жауап бересің» деп жазған.

    Өскемен қаласының әкімі әлеуметтік желілердегі хабарламаға түсінік берді.

    «Кеше әлеуметтік желіде ешқандай фактілерге немесе дәлелдерге емес, тек эмоцияларға негізделген хабарлама тарады. Мені екіжүзді адам деп санағаны мені қорлау деп санаймын. Әрине, мен мұндай дәлелсіз және ар-намысымды қорлайтын сөздерді былай қалдыра салмаймын.

    Мен ол адамға қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын айтқанда, ол мұны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ұстануға шақыру емес, оны қорқытып жатыр деп түсінді. Мен әрқашан негізі бар шағымдарды тыңдауға дайынмын. Бірақ сіздер сияқты мен де мені біреудің эмоцияға беріліп, қорлауына жол бермеймін», — деді қала әкімі.

    Әкім құқық бұзушыны заңда көзделген тәртіппен жауапқа тартуға ниетті екенін айтты.

    қатысты посттар

    Біртановтың адвокаты экс-министрдің «заңсыз қудалануына байланысты» Тоқаевқа шағымданды

    Фариза

    Жаңақорған ауданы: Биыл 10-нан астам нысан тұрғындар игілігіне беріледі

    Фариза

    Қызылорда облысында егінге тамыздың соңында орақ түседі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.