Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Гүлшара Әбдіқалықова орман шаруашылығы саласының ардагерлері мен қызметкерлерін марапаттады

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Орман шаруашылығы қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай аймақтағы бірқатар сала ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтады. Аймақ басшысы облыстың экологиялық жағдайын жақсартуда орман шаруашылығының қызметі ерекше екіндігін атап өтті.

    «Қазақстанның шөлді аймағында орналасқан біздің өңір үшін орман шаруашылығының өз орны бар. Тыныс-тіршілігіміз үшін маңызы зор саланы нығайтуда сіздер білікті де білімді, іскер де қабілетті маман ретінде өзгелерге үлгі-өнеге болып, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық және орман шаруашылығы салаларының дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейді даналарымыз. Олай болса, Сыр елінің табиғатын сауықтыру, орманды сақтау, қорғау мен молықтыруға әрі қарай да аянбай еңбек ете беретіндеріңізге сенім білдіріп, қиындығы мен қызығы қатар жүрген еңбектеріңізге толағай табыс, шаңырақтарыңызға шаттық, құт-береке тілеймін», – деді аймақ басшысы Г.Әбдіқалықова.

    Кездесуде аймақтың экологиялық ахуалын жақсартып, орман алқаптарының артуына үлес қосқан сала ардагерлері Мұхидин Исмаилов, Сақтаған Ешмахановқа «Құрмет»грамотасы, ардагер Қадиша Әлімбетова және сала мамандары Сабит Садықов, Гаухар Жумабаева, Бахытжан Әлімжанов, Айболат Берекешов, Ерболсын Үсенбаев, Ержан Жүнісов, Темірбай Сарымбаев, Жәнібек Сарыбаевқа облыс әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.

    Шарада сөз алған сала ардагерлері Мұхидин Исмаилов, Сақтаған Ешмаханов және Қадиша Әлімбетова соңғы жылдары орман шаруашылығына мемлекеттен қолдаудың артқанын айтып өтті. Осының арқасында Сыр өңірінде ауқымды жұмыстар атқарылып, сексеуіл алқаптарының өскенін жеткізді. Кәсіби мерекеде орманшыларды құттықтап, құрмет көрсеткен облыс әкіміне ризашылығын білдірді.

    Айта кетейік, облыс аумағындағы 24 млн. гектар жердің 6,5 млн. гектарын мемлекеттік орман қоры құрайды.

    қатысты посттар

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020»: Аралда 16 жоба жүзеге асады

    Фариза

    Қызылорда облысында тағы бір күн электростанцияcы салынады

    Фариза

    Атамқұлов баспананың арзандайтынын мәлімдеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.