-15.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Сыр жастары арасында онлайн форматта спорттық жарыстар ұйымдастырылуда

    Әлемді жайлаған пандемия кезінде адамдар таза ауа, дұрыс тамақтану және дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану дені сау болудың алғышарты екенін шын мәнінде түсінді.

    Пандемияға байланысты түрлі жарыстар мен сайыстар тоқтатылып кейінге шегерілген болатын. Соған қарамастан өңір спортшылары дайындықтарын тоқтатқан емес. Қызылорда облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №24 қаулысына сәйкес аймақ спортшылары карантиннен кейін қауіпсіздік шараларын назарда ұстап, спорт залдарда оқу-жаттығу процестерін жалғастыруда.

    Сондай-ақ, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бекітілген жоспарына сәйкес «ZOOM» бағдарламасы арқылы облыстық онлайн жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, ересектер арасында тоғызқұмалақтан, жалпы дене дайындығы жаттығулары бойынша 16 және 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында жекелей облыстық жарыстар, жасөспірімдер арасында каратэден КАТА, таеквондодан, ерлер арасында қоссырықта қолды бүгіп жазудан, кермеге тартылудан, футбол фристайлынан өткізілген жарыстарға 1000-нан аса спортшылар қатысты.

    Сыр спортшылары онлайн жүйеде республикалық жарыстарға да қатысып, облыс намысын қорғауда.

    Алдағы уақытта атаулы мерекелер қарсаңында көркем және эстетикалық гимнастикадан, гір спортынан, таеквондодан, кермеге тартылудан, тоғызқұмалақтан, футбол фристайлынан, киокушинкай-кан, каратэден т.б спорт түрлерінен олайн спорттық іс-шаралар жоспарлануда.

    Жалпы халықты спортқа тарту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында YouTub-те «Сыр спорты» каналы жұмыс жасауда.

    қатысты посттар

    Жамбыл қоймаларында аймақ тұрғындары тұтынатын көкөніс қоры жеткілікті

    Фариза

    Қызылордада автомобиль жолдарын жөндеуге 20 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

    Фариза

    Б.Нарымбетов: Шымкент — ақылды, жасыл әрі қауіпсіз қалаға айналады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three + thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.