Четверг, 28 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    «Қызылорда-Жезқазған» бағытындағы тас жолын жөндеу жұмыстары басталады

    Ұзақ жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселе – «Қызылорда-Жезқазған» бағытындағы тас жолының жағдайы. Қазір бұл бағытта мамандар тарапынан техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-зерттеу жұмыстары қолға алынды.

    Бұл жөнінде облыс әкі­мінің орынбасары Серік Сү­лейменов мәлім етті. Ол Президент Жолдауында айтылған міндеттер мен одан туындаған жоспарлар жөнінде кеңінен айтып берді.

    Жолдауда халықты тұр­ғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылған. Ендігі кезекте тұр­ғын үй бағасының 10 млн теңгеден қымбат болмауы қадағалана­ды. Салынған әр көп­қабатты тұрғын үй құнының тең жар­тысы мемлекет есебінен суб­сидияланатын болады.

    Қазір облыс көлемінде 3398 шақырымға созылатын ав­токөлік жолы бар. Оның ішінде 1016 шақырымы рес­пуб­ликалық, қалған бөлігі – облыстық және аудандық деңгейдегі жолдар. Биыл жол жөндеу мақсатында барлық қаржы көзінен 19 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Нәтижесінде ұзындығы 488 шақырымды құрайтын авто­көлік жолы, көшелер мен жо­лаушылар өткелі жөнде­луде.

    Облыстық жолаушылар кө­лігі және автомобиль жол­дары басқармасының басшысы Мұрат Тлеумбетов 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жер­гілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге жалпы құ­ны 46 млрд теңге болатын 79 жоба енгізілгенін айтып өтті. Жыл соңына дейін облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 69 процентін жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізу жос­парлануда.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: Мектепке дейінгі ұйымдарда санитарлық талаптар қатаң сақталуда

    Фариза

    Жамбылда Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойына орай ғылыми-практикалық конференция өтті

    Фариза

    Қызылорда облысында шалғайдағы мал шаруашылығына баса назар аударылуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.