-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысында коронавирустық инфекциямен күреске 30 ұйым тартылды

    Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен күреске ӘМСҚ шамамен 6,5 млрд теңге бағыттады.

    Қызылорда облысында коронавирустық инфекциямен күреске міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 6 млрд 466 млн теңге бөлінді. Яғни, бұл қаражат пандемия кезінде медициналық көмек көрсетуге, медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге, полимеразды тізбекті реакцияны (ПТР) анықтауға және мобильді бригада мен үйдегі стационарға бағытталған.

    «Қор медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін ұйымдардың тарифтерін 2 есеге көтерді. Нәтижесінде коронавирус инфекциясымен және пневмониямен ауыратын науқастарды емдеуге жеке ауруханаларды тартуға мүмкіндік туды. Біз медициналық ұйымдарға дәрі-дәрмектерді толық жеткізу үшін «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шарт жасалды. Бірыңғай дистрибьюторға жыл соңына дейін жеткізілетін препараттар үшін жеткізушілерге және өндіруші зауыттарға аванстық төлем төледі, – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыс бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

    Коронавирус инфекциясының болжамды екінші толқынына халықты дәрі -дәрмекпен қамту үшін қаржы жеткілікті. Қазір дәрінің екі айлық қоры бар. Аймақта індетпен күресуге 30 медициналық ұйым тартылды. Оның жартысы қалалық, қалғаны аудандық аурухана.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындалды

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 185 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

    Фариза

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ТОЛЫҚ ДАЙЫН

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.