Пятница, 27 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылордада «Сапалы жол» жобасы аясындағы жұмыстар күшейтілуде

    Көпшілікке мәлім бүгінде елдегі жолдардың сапасы проблемалық аймақта және үнемі халықтың назарында.

    Сонымен бірге, осы бағыттағы мемлекеттік қолдаудың барлық шараларына қарамастан олардың іс жүзінде іске асырылуы әрдайым талапқа сай емес. Бұл жағдай осы салада жобалық басқару принциптерін енгізуді қажет етті.

    Үкіметтің 2019 жылғы 19 наурызындағы № 131 Қаулысымен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылған болатын, негізгі мақсаты автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу деп белгіленген болатын.

    Орталықтың ашық жұмыс механизмін құру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды.

    Автомобиль жолдарының сапасын сараптау саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиімді тетіктер мен рәсімдерді қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдың 10 маусымынан бастап ««Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істеп келеді.

    Жобалық кеңсенің мақсаты Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйелеріне сәйкес келетін орталық қызметінде парасаттылық қағидаттарын және комплаенс саясатын енгізу болып табылады.

    Жобалық кеңсенің негізгі тұжырымдамасы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезеңінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара байланыста ашық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.

    Жобалық кеңсенің қызметінің бағыттары:

    1) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;

    2) қазіргі заманғы сандық технологиялар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарын енгізу;

    3) парасаттылық, адалдық және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын енгізу;

    4) бизнес-процестерді жетілдіру және оңтайландыру.

    Автомобиль жолдарының сапасына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету шеңберінде Қызылорда облысы бойынша арнайы мониторингтік топтың, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері, БАҚ өкілдерімен бірлесіп жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне, жолдың жай-күйіне, оны күтіп-ұстауына, сапасына жылжымалы зертханамен ағымдағы жылдың 9 айында 15 рет мониторинг жүргізіп, 42 ахаулар мен кемшіліктер анықталып, берілген ұсыныстың нәтижесінде 28 ақау жойылса, қалған ахауларды жою бойынша шаралар қабылданған.

    қатысты посттар

    Шымкент: 17 мыңға жуық ірі қара малға энзоотикалық жұмыстар жүргізілді

    Фариза

    Шығыс Қазақстанға әлемнің он елінен суретшілер келді

    Сыр жерінде жергілікті өнерпаздардың қатысуымен тұңғыш «Абай» опералық қойылымы сахналанды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 + four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.