-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысында мұнай өндіру төмендеуде, алайда өңдеу өнеркәсібі белсенді дамуда

    Жұмыс істеп тұрған мұнай кен орындарының сарқылуына байланысты Қызылорда облысында мұнай өндіру 2012 жылдан бастап 2,5 есе дерлік қысқарды. Бірақ, аймақ өңірлік экономиканы әртараптандыруға бет алды.

    Индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында облыста 554 млрд.теңге қаражатқа 6 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын 26 жоба іске асуда.

    Олардың ішінде шыны, кальцийленген сода, пластик шыны және сорғы-компрессорлық құбырлар шығару, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру, ет комбинаты, құс фабрикасы бойынша өндірістер құруға бағытталған экспортқа бағдарланған индустриялық жобалар бар. «Арал тұз» АҚ-да ас тұзын өндіру бойынша 3 испан цехын құру, «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнында КБК салу, кварц құмдарын байыту бойынша жобалар іске асырылуда.

    Тек осы жобалар аясында ағымдағы жылы өңір экономикасына 25 млрд.теңгеден астам инвестиция салу жоспарланып отыр.

    Бұдан басқа, құрылыс индустриясы саласында, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша, сондай-ақ, шыны және химиялық кластерлер саласында кәсіпорындар құру бойынша құны 62 млрд.теңгеден асатын 27 жаңа инвестициялық жобаны іске асыру басталады.

    Осы жылдың басынан бастап Қызылорда облысының өңдеу өнеркәсібінде өнім өндіру көлемі 3,4%-ға өсті.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТТЕ КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    Фариза

    Тері өнеркәсібі түлеп келеді

    ШЫМКЕНТТЕ ОСЫ ЖЫЛЫ 104 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.