36 C
Алматы
Воскресенье, 27 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысында биыл 2,1 млрд теңгені құрайтын жоба мақұлданды

    Қызылорда облысында биыл «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» инвестициялық, кластерлік және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін 2,1 млрд теңгені құрайтын 4 жобаны мақұлдады. Бұл туралы «Байқоңыр ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Азамат Досжанов мәлімдеді.

    Ет өңдеу кешені, асыл тұқымды мал басын көбейтетін шаруашылық, кварц құмын өндіретін зауыт және шұжық шығаратын цех іске қосылады. Жобаларға тиісті қаражаты бөлініп, бүгінде ет өңдеу кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

    «Корпорация жобалар мен бағдарламаларды іске асыруда барлық бағыттарды қамтиды. Сондай-ақ, қаржы институттарына және екінші деңгейлі банктерге жобаларды ұсынамыз. Бұдан бөлек, бүгінде 22 жоба қарастырылуда. Оның 14-і өндіріс, 6-ы ауыл шаруашылығы, 2-еуі балық шаруашылығына қатысты. саласы. Қазіргі таңда, шағын және орта бизнесті дамытудың жаңа деңгейіне шығару үшін бірқатар қаржылық және ғылыми институттармен жұмыс жасаудамыз», – дейді Азамат Досжанов.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: «ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА 8 000 ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

    Фариза

    Қызылорда облысында асыл тұқымды мал саны артып келеді

    Фариза

    Шымкент: «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси кеңес Бюросының мәжілісі өтті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.