-3.1 C
Алматы
Понедельник, 29 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда: Тереңөзек кентінде санитарлық нормалар ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жүргізілді

    Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде санитарлық нормалар ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жүргізілді. Қоғамдық бақылауға «Қазақстан COVID-19» қоғамдық бақылау тобының волонтерлары, басқарманың жауапты мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.

    Сонымен қатар, топ құрамында Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Димаш Байдушев, аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Ербол Жанашев және Сырдария ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Ерлан Ұзақбаев болды.

    Мониторинг тобы шағын сауда орындарын, азық-түлік дүкендерін, сауда орталығын, халыққа қызмет көрсету орталығын және аудандағы тамақтану орындарын аралады. Мониторинг барысында ерекше санитарлық талаптарын бұзушылықтар анықталған жоқ.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысында 233 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істеуде

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕГІ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

    Фариза

    Қызылорда облысында қатаң шараларға қарамастан азаматтар той жасауын тоқтатар емес

    Фариза

    Пікір қалдыру

    six − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.