Қызылорда гарнизонында «Алтын жебе-2020» арнайы операциялар күштерінің компоненттерінің кешенді тексерісі өтті. Шара барысында әскери бөлімдегі арнайы мақсаттағы барлау бөлімшелерінің жауынгерлік тапсырмаларды дер кезінде орындауын, жауынгерлердің далалық дайындығының деңгейін, кәсіби және жауынгерлік дайындықтары тексерілді.
Тексерістің алғашқы күні бөлімнің барлау бөлімшелері дабыл бойынша көтерілді. Келесі кезеңдерде кешенді тексерістің жоспарына сәйкес барлаушылар қоян-қолтық ұрыс дағдыларын, медициналық дайындықтарын көрсетті. Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс даярлығы бойынша сынақтар тапсырып, күндізгі, түнгі уақыттарда марш жасап, оқу-тактикалық атысты орындады.
Кешенді тексеру барысында әскери бөлімнің рота командирлері жақсы нәтиже көрсетті. Бұл сынақ бөлімнің жеке құрамына ынта-жігер берері сөзсіз.