Воскресенье, 28 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Сыр елінде 4 мемлекеттік, 2 жеке мектептің құрылысы жүруде

    Сыр елінде мектеп салу қарқыны жоғарылап келеді. Өңірде соңғы жылдары демографиялық өсімнің жоғары болуының нәтижесінде жаңа мөлтек аудандар бой көтеріп, мектепте баратын оқушылардың саны да артуда. Бұл сөзсіз жаңа мектеп құрылысын салуды қажет етеді.

    Аймақта биыл 2 жаңа мектеп пайдаланылуға берілді. Оның біреуі Қызылорда қаласындағы 600 орындық Жаппасбай батыр көшесіндегі жаңа мектеп. Білім нысаны жанынан ерекше балаларға арналған орталық ашылады. Ал, екінші жаңа мектеп Жалағаш ауданынан берілді. Типтік жобада салынған білім ордасы 140 орынға лайықталған.

    Мұнан бөлек, өңірде жыл басынан бері 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде Қызылорда қаласынан 600 орындық, Арал ауданы, Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектептер келесі жылы ел игілігіне бағытталмақ.

    Жаңа мектептер салуда Сыр елінде мемлекеттік жеке-меншік әріптестік аясындағы жеке мектептердің үлесі ерек. Биыл Қызылорда қаласында 500 және 300 орындық 2 жеке мектептің құрылысы жүргізілуде.

    Айта кетейік, аймақта 300 білім беру ошағы бар. Оның 293-і мемлекеттік, 7-уі жеке мектеп үлесінде.

    қатысты посттар

    Қазалыда 600 орындық Мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын

    Фариза

    Шымкент қаласының әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

    Фариза

    Жамбылдағы пилоттық жоба аясында АӘК алушылар азайған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.