-8.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейін Әмір-Темірді мерейтойымен құттықтады

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қызылорда облысының «Құрметті азаматы» Хұсейін Әмір-Темірді қабылдап, мерейтой иесіне құрметін жеткізді. Жүздесуде аймақ басшысы мәдениет саласының майталман маманы Хұсейін Жүсіпұлының мерейлі 80 жасқа толуымен құттықтап, Сыр руханиятының дамуындағы өлшеусіз еңбегін атап өтті.

    «Облысымыздың мәдени-рухани дамуына өз үлесіңізді қосып, театр өнерін көтеруге ықпал етіп, ел құрметіне бөленіп қызмет етудесіз. Сіздердің тәжірибеңіз бен ақыл-кеңестеріңіз қазіргі жастар үшін аса қажет. Қызылорда облыстық театр ұжымы өзіңіздің жетекшілігіңізбен республикалық фестивальдардан өзге Қазан қаласы мен Түркияның Конья қаласында және Ұлыбританияда, Шотландияда өткен халықаралық театрлар фестиваліне қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Ұлттық мәдениет пен өнерді қалыптастырудағы, дамыту мен насихаттауда театрдың «Академиялық» мәртебені иеленуі Хұсейін ағамыздың шығармашылық еңбегінің жемісі», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

    Тәуелсіз Қазақстанның театр саласының дамуына сүбелі үлес қосқан Хұсейін Әмір-Темір 1965 жылы Құрманғазы атындағы мемлекеттік өнер институтын «Актер» мамандығы бойынша, 1972 жылы Мәскеу қаласындағы Луначарский атындағы театр өнері институтының жоғарғы режиссeрлар курсын бітірген. Өз шығармашылық еңбек жолында Қызылорда, Талдықорған, Алматы, Шымкент, Орал театрларында жұмыс істеп, 200-ден аса спектакльді сахналады.

    2015 жылы Қазақстанның Ұлыбританиядағы күндері аясында Лондон халқына Д.Исабековтың «Ескі үйдегі екі кездесу» драмасын ұсынып, 2018 жылы Шотландияда өткен «Фриндж» халықаралық өнер фестивалінде Хұсейн Әмір-Темір сахналаған «Ақбаян» спектаклімен қатысты. Ал, 2019 жылы Өзбекстан Республикасындағы Қызылорда облысының күндері аясында Р.Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» драмасы Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласының көрермендеріне ұсынылды.

    Кездесу барысында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова театр саласының белді өкіліне құрмет көрсетіп, ілтипат танытып, Қызылорда облысының ең жоғарғы марапаты «Құрмет» грамотасын табыстап, иығына шапан жапты.

    Театр қайраткерінің құрметіне арналған кездесуде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сайлаубай Жұбатырұлы Хұсейін Әмір-Темірдің өнер әлеміндегі қолтаңбасын сөз етті. Кездесу соңында Хұсейін Әмір-Темір облыс әкіміне алғысын білдіріп, шығармашылық туындылары жинақталған бірнеше кітаптарын сыйға тартты.

    қатысты посттар

    Тарихи мекен туристерді тартады

    Өскеменде жаңа мектеп оқушыларға есігін айқара ашты

    Сыр жерінде жергілікті өнерпаздардың қатысуымен тұңғыш «Абай» опералық қойылымы сахналанды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.