-8.1 C
Алматы
Суббота, 28 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылордада санитариялық-эпидемиологиялық қызметіне 5 жаңа көлік алынды

    Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметіне 5 жаңа көлік алынды. Қызметтік көліктер Қызылорда қаласы, Арал, Жалағаш, Жаңақорған аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларына берілді.

    Қазір өңірде пандемияның ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Маусым айынан бері облыста 17 дәріхана ашылды. Оның 9-ы облыс орталығында, 8-і аудандарда. Қазіргі таңда жұқпалы және провизорлық стационарларда, дәріханаларда COVID-19 індетін емдеуге арналған дәрілік заттардың 2 айға жеткілікті қоры жасақталды.

    «Бүгінгі күні коронавирусты инфекция бойынша эпидахуал тұрақты. Облыс бойынша коронавирус инфекциясының 3234 жағдайы тіркелді. Эпидемиологиялық ахуал жақсарғанымен, әлі де босаңсуға ерте. Сондықтан дәл қазір жауапкершілікті мойнымызға алып, әрқайсымыз «жеке карантин» ережелерін мұқият үйренер және оны өмір салтына айналдырар кез келді», – дейді облыс бойынша бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова.

    Елімізде медицина саласындағы маман тапшылығын жою да кезек күттірмейтін мәселе. Әсіресе эпидемиолог, вирусолог, инфекционист, пульмонолог пен санитарлық дәрігерлер жеткіліксіздігі коронавирусты ифекциямен күрес кезінде ерекше сезілді. Ендігі кезекте денсаулық сақтау саласындағы кадр саясатына қатысты ұзақ мерзімді болжам әзірленетін болады.

    қатысты посттар

    Қызылордада 20 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтылды

    Фариза

    Шымкент: Жол картасы бағдарламасы арқылы 2897 адам жұмыспен қамтылған

    Фариза

    Өндірісті өрендету — ортақ игілік!

    Пікір қалдыру

    18 − fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.