Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысының түзеу мекемелерінде сақтық шаралары күшейтілді

    COVID-19 таралуына байланысты жарты жылдай жабық болған түрмелерде қазір індеттің келесі толқынына дайындық жүріп жатыр.

    Қызылорда облысында жазасын өтеушілерге медициналық көмек көрсету үшін 11 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты нысандарда 4 млн теңгенің дәрі-дәрмегі алынып қойған. Жарты жылға жететін медициналық препараттармен қатар қорғаныш құралдары және обаға қарсы жинақ, хирургиялық жейделер қоры жасақталған. Сотталғандардың денсаулығына дәрігерлік бақылау жүргізу үшін рентген, жүрек соғысы жиілігі мен қандағы оттегі қорын бақылау аппараттары күнделікті жұмыс істеп тұр. Ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер ПТР анықтамасын көрсету арқылы жүзеге асырылады.

    «Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ түзеу мекемелерінде жалпы саны орташа есеппен мыңға жуық адам жазасын өтеуде. Бақылау-өткізу бекеттерінде алыстан дене қызуын өлшеу құрылғыларымен қамтамасыз етіліп, мекемеге кіретін аумаққа барлығы бетперде және залалсыздандыру антисептик қолдану арқылы ішке енгізу шаралары ұйымдастырылған», – дейді Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жүніс Әбдіқайыров.

    қатысты посттар

    Еріктілер Нұр-Сұлтанның орталығында иттің етін сататын мейрамхананы әшкереледі

    Фариза

    «Жұбайының өртенген денесін көмген әйел бұл істе шикілік бар деп санайды.» Шуда полиция мен тұрғындар арасында қақтығыс бола жаздады

    Қызылорда облысында Қазалы ауданындағы қазіргі эпидемиологиялық ахуал талқыланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.