-4.1 C
Алматы
Суббота, 21 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылордада жыл соңына дейін мыңға жуық отбасы баспаналы болады

    Қызылорда облысында «Нұрлы жер» мемлекет бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 75 тұрғын үйдің 987-і пәтері халық игілігіне пайдалануға беріледі.

    Бағдарлама шеңберінде 1946 пәтерді құрайтын 98 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, 815 пәтерлі 20 үй сатып алу құқығынсыз жалға берілсе, 755 пәтерлі 68 үй кредиттік және 10 тұрғын үйдің 376 пәтері жеке компания есебінен салынады.

    «Облыста тұрғын үй кезегінде 30 мың азамат бар. Оның 12178-і әлеуметтік жағынан осал топтар, 3484-і көпбалалы отбасылар, 11979-ы мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшісі және 204-і үйі апатты жағдайда тұрған азамат, 2194-і жетім балалар. Сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылысы үшін ашылған жаңа тұрғын үй аумақтарын инженерлік коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 19 жобаның құрылысы жүргізілуде», – дейді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов.

    Айта кетейік, облыста «Шаңырақ» бағдарламасы аясында кезекте тұрған 30 азаматтың төлемі расталды. Бес отбасы баспаналы болды.

    қатысты посттар

    Шымкент: тағы 17 спортшы олимпиада ойындарына қатысуға үмітті

    Фариза

    Жамбылдық мемлекеттік қызметкерлер сертификатталған жоба менеджері мәртебесіне ие болады

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕГІ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.