23.5 C
Алматы
Понедельник, 9 июня 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 185 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

    Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында көп қабатты185 тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып, балаларғаарналған ойын алаңшалары орнатылуда. Бұл жөнінде ауданәкімі Ғабит Мәуленқұлов 9 айдың қорытындысы бойыншақала әкімі Мұрат Әйтеновке берген есебі барысындабаяндады.

    Аудан әкімдігінің мәліметі бойынша, «Строи.ком«Прогресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 100 ауланыабаттандырып, тұрғындардың игілігіне берген. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында49 көп қабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыруғареспубликалық бюджеттен 1 миллиард 178 миллион теңгебөлінген. Бүгінде бұл жұмыс та толығымен аяқталып, жаңарған аулалар тұрғындардың пайдалануына берілді.      

    Мұнан бөлек Әл-Фараби ауданындағы 36 қөп қабаттытұрғын үйдің ауласында абаттандыру жұмыстарыжүргізілуде. «Агроспецмонтаж» ӨК-і жұмысты қарашаайында аяқтауды жоспарлап отыр.

    Айта кетейік, аудан аумағындағы 672 көп қабатты тұрғын үйбар. Олар 400 аулаға біріктірілген. 

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШҚО оқушылары археологиялық қазба жұмыстарына қатысады

    Шетелдік суретшілер ШҚО табиғатына тәнті болды

    ШҚО денсаулық сақтау саласының үздік мамандары марапатталды

    Пікір қалдыру

    19 − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.