20.5 C
Алматы
Воскресенье, 12 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр ғарыш айлағындағы «СоюзМС-17» ғарыш кемесінің ұшырылуын тамашалады

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Байқоңыр қаласына барып, «СоюзМС-17» ғарыш кемесінің ұшырылуын тамашалады. Аймақ басшысы «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен кездесіп, ғарыш кемесін ұшыруға қатысуға шақырғаны үшін ризашылығын білдіріп, құрметін жеткізді. Сонымен бірге зымыранды ұшыруға жұмылдырылған мамандарды құттықтады.

    «Бүгінгі ұшырылым өте маңызды, өйткені кеме бортинженері Сергей Владимирович біздің жерлесіміз, Байқоңыр қаласының тумасы. Сондай-ақ, ғарыш кемесінің ұшырылған күні НАСА астронавты Кэтлин Рубинстің туған күніне сәйкес келді. Мен оларға мықты денсаулық, сәттілік, жұмсақ түйісу және қойылған міндеттерді ойдағыдай орындауды тілеймін. Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен біліктілігіңіздің арқасында бүгінгі ұшырылым сәтті аяқталғанын да атап өткім келеді. Баршаңызға денсаулық, сарқылмас қуат, барлық істеріңізге сәттілік тілеймін, өміріңіз ошақ жылуы мен отбасыңыз бен достарыңыздың сүйіспеншілігіне толы болсын», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

    Айта кетейік, «СоюзМС-17» ғарыш кемесін Ресей Федерациясының 121-ші ғарышкері Сергей Рыжиков, ғарышкер-сынақшы Сергей Владимирович пен НАСА астронавты, 339-шы АҚШ астронавты және 549-шы әлем астронавты Кэтлин Кэйт басқарады.

    Ғарыш зымыранын ұшыру сәтінен кейін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен бірақатар мәселелер жөнінде сөйлесті.

    қатысты посттар

    1 қаңтардан бастап көп балалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі

    Фариза

    100 жасқа толған журналист әжейді Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады

    Фариза

    Қазақстандықтарды тағы бір банк атынан алдап жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen + 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.