10.4 C
Алматы
Суббота, 4 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИНЖЕНЕРЛІК-ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

    Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты «Бадам» шағын ауданын (195 орам) сапалы электр жарығымен қамтамасыз етуге бюджеттен 253 млн. теңге қаралды. Бұл қаржыға «Омега Строй» ЖШС-і тарапынан 10/0,4 кВ электр желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылды. Бүгінде нысан құрылысы толығымен аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді.
    Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке 9 айда атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов мәлімдеді.
    Аудан әкімінің айтуынша, «Бадам» шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз етуді мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» ЖШС-і мамыр айында бастады. Нысан құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
    Сондай-ақ, 195 орамды табиғи газбен қамту жұмыстарын мердігер мекеме «Комби Строй 1» ЖШС-і атқаруда.
    Сондай-ақ, «Сәуле» шағын ауданын инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Осы мақсатта «МПК-ПРОЕКТ» ЖШС-імен келісім-шарт түзілген.
    Айта кетейік, Әл-Фараби қаланың орталық ауданы болғандықтан ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,7 процентті құрап отыр.

    Ф. Жандар

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТТЕ «ҚҰС ТҰМАУЫ» АУРУЫ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: «САЛАМАТТЫ ҰРПАҚ» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ТУРНИР ӨТТІ

    Фариза

    Шу ауданындағы Белбасар ауылында 400 орындық мәдени-спорттық кешен ашылды

    Пікір қалдыру

    five × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.