28.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 августа 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның кезектен тыс отырысыөтті.

    Комиссия отырысында қысқы кезеңге дайындық, жылытукезеңінде улы газбен уланудың алдын алу мәселелері, сондай-ақ қаланың су тасқыны қаупі бар учаскелерінің мәселелері қаралды. 

    Жиында сөз алған Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов қысқы кезеңге Департаменттің арнайы техникасы дайын екендігін айтты. 

    Сондай-ақ, қаланың су қоймаларындағы су басу қауіпі бар учаскелерді жоюға бағытталған іс-шаралар талқыланып, әлеуметтік осал отбасылардың үйлеріне газ дабылқаққыштарын алу және орнату мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

    Комиссия отырысының қорытындысы бойынша қала әкімі коммуналдық қызмет техникасының әзірлігін тексеружөнінде тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді. 

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент қаласы ауруханаларынан 288 азамат жазылып шықты

    Фариза

    Сыр жастары арасында онлайн форматта спорттық жарыстар ұйымдастырылуда

    Фариза

    Шымкент: Спорт басқармасы мен Қазақстан футбол федерациясы меморандумға қол қойды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 − nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.