-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: Жалағаш ауданында 140 жоба қаржыландырылды

    Қызылорда облысының Жалағаш ауданында 2337 кәсіпкерлік субьектісі бар. Биыл шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында 3 млрд. 355,1 млн. теңгегені құрайтын 140 жоба қаржыландырылып, 192 адам жұмыспен қамтылған.

    Аудан әкімі Асылбек Шәменовтің айтуынша,«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалдары арқылы 13 жобаға 1158,7 млн. теңге беріліп, пайыздық ставкасы субсидияланған. Аталған бағдарламаның мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша 6 жобаға 12 млн. теңгеге қаралып, құжаттары жинақталып жатыр.

    «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл басынан 80 жобаға 358,9 млн. теңге берілді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 3 жоба, «Агробизнес» бағдарламасы аясында «Ауыл» несие серіктестігі арқылы 15 жоба, «Сырдария-1» несие серіктестігі арқылы 8 жоба қаржыландырылды», – дейді аудан әкімі.

    «КазАгро Қаржы» АҚ-ы және «ТехноЛизинг» ЖШС-нен 15 шаруа қожалық 1 млрд. 194,3 млн. теңге алды. Қомақты қаржыны ауылшаруашылық техникасын алуға жұмсады. Мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға 30 жоба ұсынуға құжат жинақталуда.

    қатысты посттар

    Қазақстандағы зертханада биологиялық қару әзірлене ме?

    Фариза

    ЖЫЛ АЯҒЫНА ДЕЙІН АЙМАҚТА 3 ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

    Фариза

    Шетелдіктерге жалға берілген жерлер 2025 жылға дейін мемлекетке кері қайтарылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 + 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.