-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: ЕГІСТІК АЛҚАБЫНАН 60 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ЖИНАЛДЫ

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғыЖолдауында ауылшаруашылығы саласын экономиканыңқозғаушы күші ретінде дамытуды тапсырған болатын. Осы мақсатта қалада ауылшаруашылығын дамыту бойыншабірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. 

    Шымкент қаласындағы күзгі дала жұмыстары туралықалалық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарыхабарлады. Олардың айтуынша, биыл жоспарға сәйкес 27 600 гектар аумаққа егістік егу жоспаланған. Қазіргі таңда 27 908,2 гектарға егіс егіліп, жоспардан 308,2 гектарғаартық орындалып отыр. Бұл көрсеткіш 2019 жылменсалыстырғанда 1300 гектарға артып отыр.

    Оның ішінде,  дәнді дақылдардың егіс көлемі – 12 489,1 мың га, майлы дақылдар – 3 568,3 га,  көкөніс пен бақша – 2566,3 га, картоп –349,9 га,  малға азық болар дақылдар – 6 679,5 га.

    Сонымен қатар, агро саланы дамыту бағытында қолғаалынған бағдарламалар да өз нәтижесін беріп келеді. Шаруаларды жанар жағар маймен, субсидиямен қамтуісінде де ілгерілеушілік бар. Атап айтқанда, ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің кедергісіз өнім жинаужұмыстарын ұйымдастыру мақсатында, мемлекеттарапынан жеңілдетілген бағамен күзгі дала жұмыстарынжүргізуге мың тонна жанар – жағар май бөлінген (1 литр бағасы -161 теңге).  Ал шаруаларға 89,7 млн. теңгеге 1 210 тонна  тыңайтқыш  субсидияланды. 

    Нәтижесінде ағымдағы жоспарланған 72 мың тонна ауылшаруашылығы дақылдарының 59,3 мың тоннасы бүгінгітаңда жиналды. Оның ішінде 14 мың тонна дәнді дақылдар, 2,4 мың тонна майлы дақылдар, 2,4 мың тонна картоп, 10,8 мың тонна мал азығы және 29,7 мың тонна ашықтопырақтағы және жабық топырақтағы  көкөністер мен бақша өнімдері бар.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШҚО-да ауқымды спорт пен өнер фестивалі басталды

    Қызылордадағы жолдар жаңартылуда

    Фариза

    Қатонқарай аудандық сотының өкілдері ардагерлерді құттықтады

    Пікір қалдыру

    6 + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.