Понедельник, 27 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТТЕ 13 ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ҚҰРЫЛДЫ

    Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған науқастардықабылдайтын 13 диагностикалық орталықұйымдастырылды. 

    Бұл жөнінде бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасыбасшысының міндетін атқарушысы Бақытжан Позиловақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингтебаяндады.

    -​Диагностикалық орталықтарда 17 КТ және 30 рентген аппараты бар. Сонымен бірге, 6 ПТР зертханасы бар, оның2-уі жаңадан ашылды. Олар  тәулігіне 2 500 тест қабылдайды, — деді. 

    Сонымен қатар, медицина мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтау бойынша қосымша 282 ИВЛ алынып, қалада ИВЛ саны 612 бірлікке жеткенін айтты. Жаңа 3 оттегі станциясы мен 9 сұйық оттегі резервуары қондырылған. 

    Одан өзге, қыркүйек айында медицина ұйымдарының өзараәрекет алгоритмі пысықталып, науқастарды категорияларғабөлуді үйлестіру үшін 3 рет оқу-жаттығу өткізілді. Осы уақыт ішінде 10 164 медицина маманы коронавирусинфекциясымен күрес бойынша оқытылды.

    Ал, емханалар жанынан құрылған 67 мобилді топ 29 415 пациентке медициналық қызмет көрсетті. Науқастарғажедел жәрдем көрсету мақсатында жаңа call-center іскеқосылды. Шақыруды қабылдау линиясы 9-дан 28-ге өсіп, операторлар саны үш есеге артты. Бүгінгі таңда қоңырауқабылдау қуаттылығы тәулігіне 3 500-ге жетті.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкенттен 173 азамат праймеризге қатысуда

    Фариза

    Сапарбаев тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестіктерін құру ісін жеделдетуді тапсырды

    Фариза

    Жамбылдықтар жеңіл өнеркәсіп жолында

    Пікір қалдыру

    4 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.