Среда, 2 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте ата-ана қамқорлығынсыз қалған 345 жас баспаналы болған

    Шымкент қаласында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 911 бала есепке алынған. Қорғаншылық және қамқоршылықта – 712 бала бар

    Бүгінде оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылдан бастап тұрғын үйдің кезегінде тұрған 29 жасқа дейінгі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 345 балаға кезек бойынша баспана берілген.

    Сондай-ақ, 2019-2020 оқу жылында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 69 бала 11-сыныпты бітірген. Оның ішінде 20 бала – колледжге оқуға түскен болса, 23 бала мемлекеттік грант иегері атанған. Ал 16 бала ЖОО-ның ректорларының гранттарына ие болып оқу орындарына түсті.

    Одан өзге, қорғаншылық және қамқоршылық, патронаттық тәрбиеде тәрбиеленіп жатқан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 661 балаға ай сайын асырап-бағуға жәрдемақы төленіп жатыр.

    Ф. Жандар

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: Гагарин көшесінің орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

    Фариза

    Шымкентте санитарлық нормалардың сақталуы бойынша брифинг өтті

    Фариза

    Шымкентте жеті айда 1500-ге жуық пәтер пайдалануға берілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.