-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында қыркүйекте 839 медицина қызметкері 99 593,9 мың теңге үстемақы алады

    COVID-19 және вирустық пневмонияға қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлеріне үстемақыны ай сайын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді. 

    «Қор медицина қызметкерлері алдындағы барлық міндетті толық және уақтылы орындап отыр. Мәселен, биыл наурыз бен қыркүйек аралығында 2 574 885,3 мың теңгеге үстемақы төленді. Қыркүйектің қорытындысы бойынша 839 маман 99 593,9 мың теңге көлемінде үстемақы алады», – дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

    Мәселен, қызылордалық дәрігерлерге наурыз айында 520 медицина қызметкеріне қосымша 66 779,4 мың теңгеге төленді.

    – Сәуірде – 1921 медицина қызметкері, 315 817,7 мың теңге;

    – Мамырда – 1874 медицина қызметкері, 317 273,2 мың теңге;

    – Маусымда – 2392 медицина қызметкері, 417 499,1 мың теңге;

    – Шілдеде – 3452 медицина қызметкері, 948 280,4 мың теңге;

    – Тамызда – 2453 медицина қызметкері, 409 641,6 мың теңге;

    – Қыркүйекте – 839 медицина қызметкері 99 593,9 мың теңге алады.

    Үстемақы алатындардың тізімін өңірлердегі арнайы комиссия жасақтайды. Тізім дайын болғаннан кейін Қор ай сайынғы қосымша төлемдерді төлеуге кіріседі. Қор бұл жұмысты 15 қазанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

    Тәуекел тобына қарай медицина қызметкерлері 212 мың теңгеден (5 АЕК) 850 мың теңгеге (20 АЕК) дейін қосымша ақы алады.

    қатысты посттар

    Қызылордада жастардың 5 стартап жобасы қаржыландырылады

    Фариза

    Президент: Жас әрі қабілетті мамандарға мүмкіндік беру керек

    Фариза

    Дәурен Абаев министрлер мен әкімдердің жалақысын сұрауды хайп деп атады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.