Понедельник, 17 марта 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ЖЫЛЫЖАЙҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жылыжайқұрылысына қажетті құрал – жабдықтар өндіретін зауыттардың жұмысымен танысты. Алдымен Асар–2 шағын ауданында орналасқан «ZERO MAX KZ» зауытына барды. Аталған зауыт жылыжай кешендерін салуға арналған мырышталған құбырлар мен жылыжай құрылысына қажетті өнімдерді өндіреді. 

    Жоба құны — 2,6 млрд. теңгені құрайды. Өндіріс орныжылына 380 гектар болатын жылыжай құрылысына қажетті құрал – жабдықтарды өндіруге қауқарлы. Бүгінгі таңда зауыттан 100 гектардан астам өнеркәсіптік жылыжайларкешендерін іске асыруға жабдықтар сатылған.

    Сонымен бірге, қала әкімі Оңтүстік Кореялық технологиямен полиэтилен пленкасын (үлбір) және пластик бұйымдарын өндірумен айналысатын  «АК ОрдасыПластик» ЖШС зауытының жұмысымен танысты. Айта өту керек, бұл — жылыжай шаруашылықтары үшін ені 12 метрлік үш қабатты пленка (үлбір) шығаратын Қазақстандағы жалғыз зауыт болып табылады. 

    Бұл жобаның құны 2,4 млрд. теңгені құрайды. Зауыттәулігіне үш қабатты жылыжайға арналған 25 тонна пленка және 5 тонна бақша пленкаларын (қалыңдығы 10 микроннан 300 микронға дейін)  өндіреді. Зауыт әртүрлі салаларға арналған пленкалардың (үлбірлердің) түрлерін шығарады. Атап айтқанда, жылыжай пленкасы, құрылыс полиэтилен пленкасы, гидроизоляцияға арналған пленка, шөгілетін пленка және стрейтч пленкалары.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА 107 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛУДА

    Фариза

    Сұрат ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

    Фариза

    Өскеменде жеңіл атлетикадан облыстық жарыс өтті

    Пікір қалдыру

    twelve − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.