Қызылорда облысының Қармақшы ауданында шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында биыл 36 өндірістік шағын жобалар іске асырылған. Атап айтар болсақ, 11 тігін цехы, 2 шағын наубайхана, 5 кондитерлік цех, 1 жылыжай, 1 алма бағы, 1 бал шығару жобасы, 2 пластик шығару цехы, 4 жиһаз шығару цехы, 1 күріш ақтау цехы, 2 құс шаруашылығы (жұмыртқа өндірісі) байланысты жоба, 1 жалюзи шығару цехы, 3 жоба құрылыс материалдарын шығару саласында, 2 жем шығару цехы бар. Ауданға қарасты Дауылкөл ауылдық округінде шағын макарон цехы іске қосылды.
Сонымен қатар, кәсіпорын жем шығару және құрылысқа қажетті рубироид-қара қағаз, сетка рабица өндіруді қолға алмақшы. Қазіргі таңда цехтың құрылыс жұмыстары аяқталып, құрал-жабдықтары сатып алынған. Сондай-ақ, Жаңажол ауылдық округінде «Жаңажол» ЖШС бастамасымен газоблок шығару іске қосылды.
«Кәсіпкерлік саласының жандануы қандай кезеңдеде болмасын тұрғындардың әл-әуқатының артуына әсерін тигізеді. Биыл аудан кәсіпкерлері 2176,0 млн теңгенің өнімін шығарды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 43,7 пайызға артып отыр. Жыл басынан бері 411,2 млн теңгені құрайтын 90 жоба несиелендіріліп, 277 азаматқа 166 млн теңгенің гранты берілді», – дейді аудан әкімі М. Қалдарбеков.