Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтыңқатысуымен қаладағы жол мәселесі бойынша брифинг өтті.
Баспасөз мәжілісінде Мақсұт Пернебайұлы қаладағымагистралды көшелердің мәселесіне тоқталды.
– Қаладағы магистралды Бәйдібек би, Республика, Тәукехан даңғылдары, Темірлан тас жолы мен Т.Рысқұлов жәнеЖібек жолы көшелерінің көлік ағыны жобалық өткізуқабілетінен 2 есеге асуда. Сол себепті көлік кептелістері жиіболуда. Осыған орай көлік ағынын оңтайландырумақсатында бірнеше жоба дайындалды. Ал бүгіндеқұрылысы жүріп жатқан магистралды көшелердің 85 пайызы аяқталып отыр. Одан бөлек, жаяу жүргіншілержолын екі-үш адам қатар жүре алатындай етіп істепжатырмыз, – деді қала әкімінің орынбасары.
Мақсұт Пернебайұлының сөзіне сүйенсек, Бәйдібек бидаңғылындағы көлік ағынын оңтайландыру барысындаТ.Өтегенов көшесін «Шымкент Сити» қалашығына дейінжалғастыру жобасы әзірленген. Көшенің ұзындығы – 2,3 шақырым, іске асыру мерзімі – 2021-2022 ж.ж. Көлікағынын реттеу кезінде С.Бәйтереков көшесін Тұраншағынауданындағы магистралды көшелеріне (Қайтпас-1 ш/а, Алтынсарин көшесін кеңейту) қоспақ. Көшеніңұзындығы – 2,1 шақырым. Сондай-ақ, Асаршағынауданындағы атауы жоқ көшені «Шымкент Сити» қалашығының орталық көшесіне қосу жоспары бар. Көшенің ұзындығы 1,3 шақырымды құрайды. Ал Жібекжолы және Ж.Адырбеков көшелеріндегі көлік ағыныноңтайландыру үшін С.Жандосов көшесін Ә.Сасбұқаевкөшесінен Ж.Адырбеков көшесіне дейін жалғастырмақ. Көшенің ұзындығы 350 метрді құрап отыр.
Сонымен қатар, Республика даңғылындағы көлік ағыныноңтайландыру кезінде Д.Қонаев даңғылы жалғасыныңжобасын А-2 автомобиль жолына дейін қосылады. Көшеніңұзындығы – 1,6 шақырым. Одан бөлек, Абай даңғылынН.Исмаилов көшесінен А-2 автомобиль жолына дейінжалғасады. Көшенің ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Бұл жолдың жобасы магистралды теміржол және «Бадам» өзенін қиып өтеді. Ал Темірлан тас жолының көлік ағыныноңтайландыру үшін Әл-Фараби көшесін А-2 автомобиль жолынан М-32 автомобиль жолындағы «Бадам» жолайырығына дейін жалғастырылады. Көшенің ұзындығы 7,3 шақырымды құрап, бүгінде аталған жол құрылысының80%-ы атқарылған.
Айта кетейік, брифингте М.Исахов қаладағы жүргізіліпжатқан көпір құрылыстарына да тоқталып, жұмыс барысынБАҚ өкілдеріне жан-жақты жеткізді.
Г. ҚАПАЛ