-14.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысының спорт саласында 22 жоба жүзеге асуда

    Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биылғы Жолдауында бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беріп, барлық облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет екенін атап өтті.

    Осыған орай Қызылорда облысында халықтың спорттық нысандарға қолжетімділігін арттыру жұмыстарына аса мән беріліп, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында спорт саласы бойынша 22 жоба жүзеге асуда.

    Қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы байдарка және каноэ есу базасының құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде.

    Қала және аудандарда 8 жаттығу және стритбол алаңдарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

    Бүгінгі таңда 250 мыңға жуық адам дене шынықтыру және спортпен тұрақты шұғылданады. Елімізде төтенше жағдай жариялаған күннен бастап, облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасына қарасты барлық ұйымдар, спортшылар қашықтан оқу-жаттығу өткізді. Сондай-ақ, онлайн форматтағы жарыстарға 1000-нан аса спортшы қатысып, салауатты өмір салтынан қол үзген жоқ.

    Жасөспірімдерді спортқа тарту, бұқаралық спортты дамыту мақсатында алғашқы рет облыс орталығында №4 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінен үстел теннисінен бөлімше ашылып, жұмыс істеуде. «Нұрсәт» теннис орталығының 4 жабық теннис корты жыл соңына дейін іске қосылады.

    Сондай-ақ, облыс көлеміндегі балалар-жасөспірімдер мектептерінің ғимараттары, спорт клубына, спорт алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары, Ж.Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің футбол, волейбол және баскетбол алаңдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. №6 облыстық олимпиаладық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің теңгеріміндегі стадионға және Жаңақорған кентіндегі орталық стадионға қайта жаңғыртылуда.

    Жалпы 2018-2019 жылдары облыста 16 спорт кешені пайдалануға берілсе, биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жоспарланған 12 жобаның бесеуі іске қосылды. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес тағы да 5 жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру көзделіп отыр.

    қатысты посттар

    «Елдіктің 7 тұғыры»: Елбасы қағидаттары жамбылдық жастарға жігер сыйлады

    Фариза

    Байзақта шағын футбол алаңы ашылды

    Фариза

    Шымкент: «Intellectualdy ult» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылмақ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.