-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: Жаңақорған ауданының тұрғындарына жылқы малының қырылу себептері түсіндірілді

    Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап, Жаңақорған ауданының Байкенже, М. Нәлібаев, Қожакент, Өзгент ауылдық округтерінің құм беткейіндегі жайылымдық жерлерінде кенеттен жылқы малдары белгісіз себептермен ауырып, өлім-жітімге ұшыраған.

    Ауырып тұрған М.Нәлібаев, Өзгент ауылдық округтерінің жылқы малдарынан сынама (фекалий) алынып, ветеринариялық зертханалардың сараптама қорытындысы нәтижесінде гастрофилез ауруына оң нәтиже көрсеткен.

    Ауылдық округтерде ауыл әкімі, ветеринариялық-санитариялық инспекторлар, ветеринария басқармасының бас мамандары, ветеринариялық станция басшысы және ветеринариялық станцияның мамандары жылқы бағумен айналысатын мал иелерімен кездесіп, жылқы малының паразитарлық аурулары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    Осыған байланысты, ауылдық округтерде ветеринар дәрігерлер шаруашылық иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ем шараларды уақтылы мерзімінде орындаған шаруашылықтар жылқы малдарын аман сау алып қалған.

    Жылқылардың бұл ауруының атауы бұрынғы кезде – қарынқұрт немесе көмей құрт деп атаған. Жылқының көмекейінде, асқазанында, құртқарында сөл сорғыш құрттардың алуан түрі кездеседі. Жылқылар жасына қарамастан, жауын-шашынның аз болуына байланысты, құрғақ жаздарда жиі ауырады. Бөгелек бір салғанда ұрғашылары орта есеппен 700 жұмыртқадай салады. Денені қышытады, мал тістеніп ауызға апарады, немесе балаңдар өздері жылжып ауыз қуысына енеді. Бөгелектердің личинкалары жылқылардың ауыз қуысын, кілегей қабаттарын тілін, жұтқыншағын жарақаттап, ісіндіреді. Мал жұтына алмайды, асқазанда, ішекте жаралар пайда болады. Асқазан қызметі бұзылады. Кейбір личинкалар тік ішекті жарақаттайды. Личинкалар өзінің зат алмасу заттарымен организмді уландырады. Аурудың белгілері личинкалардың санымен тығыз байланысты. Личинкалардың саны аз болса ауру созылмалы түрде өтеді. Саны көп болса анемияға ұшырап, тәбеті төмендейді, тамақты жұта алмай қиналады, ауру жіті және жітілеу түрде өтеді.

    Облыстық ветеринария басқармасы басшысының бұйрығымен Жаңақорған ауданында жылқы малдары өлім-жітімге ұшырауға байланысты комиссия құрылып, ауру ошақтарында зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізілді. Мал иелері тарапынан өлген жылқылардың өлекселерін көрсете алмаған. Яғни, өлген малдары жоқ екендігі анықталған. 

    Паразитарлық аурулар жөнінде тәжірибелік практикалық жұмыстарын жүргізу, мал иелеріне түсініктеме беру мақсатында Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінен биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ахметова Гулнази Даулетханқызы және ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Тұрғанбаева Гүлнар Елдесбайқызы арнайы шақыртылып, Байкенже, М.Нәлібаев, Қожакент, Өзгент ауылдық округтерінде жылқы малы ауырған мал иелерімен кездесті. Кездесу барысында паразитарлық аурулардың зардабы, экономикалық зияны, жылқылардың арықтап, әлсіреп жұмыс істеу қабілетін төмендететіні туралы (16-18 кг дейін тірі салмақтан айырылады) кеңінен түсініктемелер берілді. Сондай-ақ, инвазияның интенсивтігілігі өте жоғары болса личинкалардың зардабынан жылқы асқазаны тесілетіндігі, аурудың алдын-алуына, қора-жайдың жай-күйіне, тазалығына бей-жай қарамай бұл ауруға мал иесі тарапынан дәрі-дәрмектер алынып, жылына екі рет көктем-күз айларында алдын-ала егу шаралары жүргізу қажеттілігі, қора-жайына дезинфекция, дезинсекция, жұмыстарын жүргізу керектігі түсіндірілді.

    8.10.2020 жылы Байкенже ауылдық округінде шаруашылық иелерінің ауырып тұрған 1 бас жылқы малының (жабағы) жай-күйіне қарап лажсыз сойылды. Сойып зерттеу барысында ішкі паренхиматозды органдарында патологиялық өзгерістер орын алмаған, алайда, ішектерді жарып көру барысында ащы ішек пен тоқ ішекте көптеген гастрофилез құрты мен жылқының параскаридоз құрттары анықталды. Яғни паразитарлық аурулардың араласқан түрі (смешанная инвазия).

    9.10.2020 жылы М.Нәлібаев ауылдық округінде «Бақытжан» шаруа қожалығының иесіне түсіндірме жасау барысында 1 бас жылқы малының ауырып тұрғанын көрсеткен. Лажсыз сойып зерттеу барысында ішкі органдары патологиялық өзгеріссіз, бірақ жылқының құрт қарнында гастрофилез ауруының бөгелек құрттары табылды.

    Өзгент, Қожакент ауылдық округтерінде мал иелері өз есебінен ветеринар мамандардың нұсқаулықтарыменен дәрі-дәрмекті уақытында алып, ем-дом жұмыстарын жүргізіп, малдарын аман алып қалған. Эпизоотиялық ахуал тұрақты.

    Жылқының гастрофилезі және басқа паразитарлық аурулар туралы жергілікті «Жаңақорған тынысы» газетіне мақала жарияланды. 

    Қазіргі таңда экто, эндо паразиттерге қарсы тиімділігі жоғары инъекция, порошок, аэрозоль түріндегі түрлі ветеринариялық препараттар шығарылған. Мал иесі қаражаты есебінен емдік және алдын алу шаралары жүргізіледі. Ветеринариялық дәріханаларда жеткілікті, қол жетімді бағада сатылымда бар. 

    Облыс бойынша ветеринария саласынан 900-дей ветеринар мамандар Zoom бағдарламасы арқылы семинарға қосылып, тікелей онлайн түрде қатысуда.

    қатысты посттар

    Әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету: Тоқаев Ішкі істер министрлігіне тапсырма берді

    Фариза

    2022 жылы зейнетақы мен жалақы мөлшері қалай өседі?

    Фариза

    Қазақстандықтар мемлекетке 24,3 миллиард теңге қарыз

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.