-1.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Мәжіліс депутаты шенеуніктерге ауылға көшіп барып, үйлерін тезекпен жылытуды ұсынды

    Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсенбинов газбен қамтамасыз ету бойынша екі бірдей министрлікке сауал жолдады. Нақтырақ айтқанда, оның сауалы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевқа бағытталған.

    – Қазақстан әлемдегі 30 дамыған мемлекеттің қатарына кіреміз деп биік мақсат қойған ел. Бірақ жылына 50 млрд шаршы метр газ өндіретін Қазақстанның халқы сол газбен үйін жылыта алмаса, біз қандай өмір сапасы туралы айта аламыз, ондай әлемдік рейтингтің құны бес тиын, – дейді Берік Дүйсембинов.

    Тұрғындармен кездесу кезіндегі шағымдарға сүйене келе, Жетісай ауданындағы 72 мектептің 39 әлі де көмір қызуымен жылынатынын жеткізді.

    – Газдың қосылмау себебін жергілікті әкімшілікте, өкілетті органдар әртүрлі техникалық себептермен түсіндіруде. Бірақ, мардымды,нақты жауап ала алмадық. Әрине, сылтаудың түрі көп, қағаз бәрін көтереді. Осы ауыл азаматтары мен мектептерге газдың жетпеуіне себеп болып отырған шенеуніктер мен газ құбырының басында отырған өкілетті органның басшыларына көгілдір отынсыз отырған ауылдарға көшіп, балаларын суық мектепте оқытып, келе жатқан қыстың қарсаңында тезекпен жылынып өмір сүруге кеңес береміз.

    Сонда мүмкін, бұл мәселе жылдам шешілер. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Ақ жол» фракциясы Түркістан облысындағы аталған ауылдар мен мектептерге бүгінгі күнге дейін газ келмеу себебі, оған жауапты лауазымды, заңды тұлғаларды анықтап, олардың қандай жауапкершілікке тартылғандығы жөнінде және бұл мәселе өз шешімін қашан табатыны туралы ақпарат сұрайды, – деді Мәжіліс депутаты.

    baq.kz

    қатысты посттар

    «11 қымбат көлік тәркіленді»: Мәсімов 2 млн доллар пара алды деген күдікке ілінді

    Фариза

    Қызылорда облысында ветеринариялық эпизоотиялық жағдай тұрақты

    Фариза

    Арон Атабектің реанимацияға түскені хабарланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.