14 C
Алматы
Жексенбі, 19 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент әуежайы: Конкурс нәтижесі бүгін белгілі болады

    Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов сатылымға қойылған әуежайға қатысты түсініктеме берді. Күні кеше Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов стратегиялық нысанның болашағына күмән келтіріп, мәлімдеме жасаған болатын. Мәжіліс депутаты тендерге өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзартуды, сатып алуға өтініш білдірген қатысушыларға біліктілік талаптарын қоюды ұсынған.

    Онымен қоса нысанның құнына тәуелсіз бағалауды жүргізу қажет деген болатын. Қала әкімінің орынбасары стратегиялық нысанның бағасын тендерді ұтып алған алматылық компания жасағанын айтты. Ал болашақ меншік иесіне қойылатын талаптар да құжаттамада анық көрсетіліпті.

    Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Нарықта 5 жылдық өтілі бар компаниялар конкурсқа қатыстырылды. Компания нысанды 5,2 млрд. теңгеге бағалаған. Сатып алатын компания қала бюджетіне осы қаражатты және алдағы уақытта әуежайдың дамуына 6 млрд. жұмсауы тиіс. Конкурс ұйымдастыру кезінде конкурсқа қатысулардың есепшоттағы қаражатына дейін көрсету талап етілген».

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкентте шегірткеге қарсы күрес жұмыстары жүріп жатыр

    Фариза

    РЫСҚҰЛОВ – ҚОНАЕВ КӨШЕЛЕРІНІҢ ҚИЫЛЫСЫНДАҒЫ ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ 3 КЕЗЕҢДІ ҚАМТИДЫ

    Фариза

    Қашықтан оқыту: Қызылорда облысына 5 мың электронды құрылғы жеткізілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.