-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ЖҮРЕГІНДЕ АХАУЫ БАР НАУҚАСҚА СТЕНТ-ГРАФТ ОРНАТУ ОТАСЫ ЖАСАЛДЫ

    Шымкентте алғаш рет жүрек тұсында ахауы бар науқасқа стент-графт орнату  отасы жасалды. Күрделі операцияныНұр-Сұлтан қаласынан келген Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының дәрігерлері АриповМарат пен Землянский Виктор  жасады. Бұл туралықалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

    Білікті мамандар операция кезінде қолқа аневризмасы және кеуде аневризмасы бар  екі науқасқа хирургиялық жолмен стент-графт  орнатып берді. Қолқаның саңылауын қалыпқа келтіретін түтікше медицинада стент-графт деп аталады.

    Мұндай ауру жүрек қан тамырларының асқынуынан пайдаболады. Жүрек тұсындағы тамырларда пайда болған ахаудыемдеу үшін дәрігерлер науқастарды Нұр-Сұлтан қаласына арнайы жолдамамен жіберетін. Енді бүгінгі тәжірибе алмасуотасы нәтижесінде олар білікті мамандардан стенд-графторнату операциясын меңгерді. Жергілікті мамандар мұндай отаны енді өз бетінше атқара алатынын айтады.

    Дәрігерлердің айтуынша, стент-графт орнату — аорта аневризмасымен ауыратын науқасты емдеудің ең жұмсақ әдісі. Науқас алдын алу үшін ұзақ уақыт бойы дәрігердің көмегіне жүгінбейді.

    Айта кетейік, мұндай операцияның түрі медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде елдің әрбір азаматы үшін ақысыз.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: ТӘУЕЛСІЗДІК САЯБАҒЫНА СӘНДІК АҒАШТАР ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Гагарин көшесінің орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

    Фариза

    Шымкентте жұқпалы аурулар ауруханасы жаңа аппаратпен толықты

    Фариза