Суббота, 17 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: КАРАНТИНДІК ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    Абай ауданы әкімінің орынбасары Е.Занкоев Абай ауданы әкімдігі тарапынан құрылған мобильдік топпен бірге аудан аумағында орналасқан мектептерге мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг барысында білім беру орталықтарында санитарлық нормалардың сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар, ауданда орналасқан тойханаларға рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, нәтижесінде «Кездесу» тойханасына карантин талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

    Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысын орындау мақсатында бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

    Ф.Жандар

    қатысты посттар

    Шымкент: Мемлекеттік қолдаудың арқасында мал басы артып келеді

    Фариза

    Қызылордада «Сапалы жол» жобасы аясындағы жұмыстар күшейтілуде

    Фариза

    Шымкентте 4 мамырдан бастап кәсіпкерлік нысандарының екінші кезеңі басталады

    Фариза