-11.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    МӘМС: Тегін стоматологиялық қызметтер көрсетілді

    «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»  КЕАҚ  биылғы  жылдың 8 айында  халыққа  көрсетілген  стоматологиялық қызметтің  ақысына 5,1 млрд теңге төледі. Оның ішінде, 18 жасқа дейінгі және жүкті әйелдерге жоспарлы қызмет, халықтың жекелеген санаттарына шұғыл стоматологиялық көмек, сондай-ақ балаларға ортодонтиялық көмек көрсету бойынша қызмет көрсетілді.

    Естеріңізге сала кетейік, МӘМС жүйесінде жоспарлыстоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге көрсетіледі.

    МӘМС жүйесінде шұғыл стоматологиялық көмекті 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалыаналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жасы бойыншазейнеткерлер, әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратындар, мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтынжұмыс істемейтін адамдар ала алады.

    Ортодонтиялық көмек жақсүйек-бет аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, жақсүйек-бет аймағының туа біткен патологиясы бар 18 жасқа дейінгібалаларға көрсетіледі.

    Сондай-ақ, биылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС пакеті бойынша әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларды-атаулыәлеуметтік көмек алушыларды қолдауды көздеді. 6 жастан12 жасқа дейінгі балаларға түрлі жақсүйек-бет аймағының ауытқулары (тістем бұзылулары, жақтың микрогнотиясы) кезінде ортодонтиялық көмек көрсетілетін болады. Бұл көмекті 9 мыңнан астам бала алады, осы жылдың соңына дейін 415 млн теңге қарастырылған.

    «Стоматологиялық көмек алу үшін пациент емханаға да, стоматологиялық клиникаға да жүгіне алады. Бұл реттестоматологиялық қызмет көрсететін клиника Қордың әлеуетті өнім берушісі болып табылады және әлеуетті өнім берушілер тізілімінде болуы маңызды», — деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ  Түркістан облысы бойынша филиал директорының орынбасары Жансерік Есімов.

    Елімізде 626 жеткізуші тұрғындарға стоматологиялық қызмет көрсетеді. Оның 346-сы мемлекеттік, 280-ні жекеклиника. Биыл Қор жеткізушілерінің саны 2019 жылменсалыстырғанда өсті, өткен жылы 522 жеткізушістоматологиялық көмек көрсетті, оның ішінде 315 мемлекеттік және 207 жеке меншік.

    «Шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету пациенттің еркін таңдауы негізінде жүзеге асырылады (бала — ата-ана немесе заңды өкіл болған жағдайда) және пациенттің тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігердің жолдамасының болуы талап етілмейді. Қызмет көрсету фактісі және стоматологиялық көмек көлемі ақпараттық жүйеде тіркеледі. Бұл медициналық ұйым мен стоматологиялық клиникалар арасында бірлесіп орындаушартын жасасу үшін негіз болып табылады. Ол ақпараттық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылады», — дептүсіндірді Ж.Нарбекұлы.

    Көрсетілген қызметтерге ақы төлеу пациенттің тіркелгенжері бойынша  медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымы (емхана) арқылы жүргізіледі.

    Медициналық көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы жүгіну қажет, қосымшаны Play Market және App Store арқылы  орнатуға болады.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Жамбыл облысында бір ауылда 10-ға жуық сүт өндейтін кәсіпорын бар

    Фариза

    Облыс әкімі қаржы жүйесі қызметкерлерін құттықтады

    Фариза

    Шымкент: 381 нысанға жаңа атау беріледі

    Фариза