Вторник, 18 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САНЫ АРТТЫ

    Шымкент қаласында халыққа сапалы және уақтылымедициналық көмек көрсету үшін медицина қызметкерлерінің саны артты. Мәселен, денсаулық сақтаумекемелерінде  дәрігерлер 13 пайызға,  яғни, 3519-дан 3 983-ке артты.  Ал орта медициналық қызметкерлер 10 пайызға артып,  9 440-қа жетіп отыр.  Бұл туралы қалалықденсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

    Басқарманың мәліметінше, қалада реаниматолог пен инфекционист дәрігерлеріне қажеттілік бар екен. Соныменқатар, жыл басынан бері 10 164 медицина қызметкерібіліктілігін арттыру бойынша оқудан өткен. 

    Бұдан бөлек, короновирус инфекциясымен күресугежұмылдырылған 4308 медицина қызметкеріне наурыз-тамыз айлары аралығында үстемақысы төленді. Бұл шарағареспубликалық бюджеттен 4764,66 млн. теңге бөлінді. 

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент: Қала әкімдігінің қолдауымен еріктілер мен полиция қызметкерлері бірігіп тұрғындарға бетперде таратты

    Фариза

    ТАРАЗДА «АБАЙДАН АМАНАТ» АТТЫ ОНЛАЙН КОНЦЕРТ ӨТТІ

    Фариза

    Шымкентте дәрі-дәрмек тапшылығын жою үшін жұмыстар жүргізілуде

    Фариза