Суббота, 17 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында жылу беру маусымына дайындық барысы 97%-ға орындалды

    Қызылорда облысында 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымын тұрақты түрде өткізуге коммуналдық кәсіпорындар ағымдағы және күрделі жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстарын бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізуде.

    Тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен, газ және сумен қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстары 97%-ға орындалды.

    Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көп қабатты тұрғын үйлердің дайындығы 97%-ды құрайды.

    Облыс бойынша 1185 әлеуметтік сала нысандарының жөндеу жұмыстары 100 % орындалды.

    Сонымен қатар, облыс бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 19 әлеуметтік нысанның жылу қазандықтарын газ отынына бейімделді.

    Жалпы қысқа дайындық мәселелері облыстық штабтың тұрақты бақылауында.

    қатысты посттар

    БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бұрынғы басшысы пара алғаны үшін сотталды

    Фариза

    Қызылорда облысында 83 мың мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді

    Фариза

    Қызылорда облысының Жалағаш ауданында егінге орақ түсті

    Фариза